Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: “Кадрлық өзгерістер әрдайым болады“

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда елдің жаңа бірпалаталы Парламенті - Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс беріп, кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өз сауалын "Atameken Business" телеарнасының тілшісі Саяна Санақова да қойды.

"Заңға сәйкес, Құрылтай сайлауынан соң Үкімет жұмысын тоқтатуға тиіс. Соған сай Министрлер кабинеті жасақталады. Жаңа Үкіметтің бағыт-бағдары мен міндеттері жөнінде не айтасыз?", - деп сұрады ол.

Мемлекет басшысы сұраққа жауап бере отырып, Үкіметтің жалпы алғанда табанды әрі жедел жұмыс істеп жатқанын, Президент қойған міндеттерді орындап отырғанын атап өтті.

"Дүние жүзіндегі бәсекелестік күшейіп келеді. Нарықтың сын-қатерлеріне мұқият назар аударып, ең бастысы, тиісті деңгейде төтеп беруіміз керек. Әлбетте, Үкімет отставкаға кетеді. Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады. Ашығын айтқанда, дәл бүгін Үкімет жұмысына алаңдауға немесе оған сын айтуға қандай да бір негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет жетекшісі де қолдан келгенше міндеттерін атқарып жатыр", - деді ол.

Дегенмен, Президент Тоқаев кадрлық өзгерістердің әрдайым болатынын нақтылады.

"Өйткені бұл Үкіметтің жұмысына қан жүгіртеді. Мәселе біреуді орнынан босатуда емес. Мен жай сылтаумен жұмыстан шығаруға қашанда қарсымын. Әсіресе, қазіргі тілмен айтқанда, медиадағы контент немесе мазмұн үшін ауыс-түйіс жасаудың қажеті жоқ. Кадрлық шешім шын мәнінде жұмысқа тың серпін беруі керек. Бәріміз айтып жүрген жаңғыру үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Өйткені бұл күрделі процесті алға жетелеп отыру қажет. Бұл істе Үкімет маңызды рөл атқарады", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан жаңа Парламентті таңдап жатыр
Жексенбі, 23 тамызда, Қазақстанда бірпалаталы Парламент - Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл 1991 жылдан бергі елдегі оныншы парламенттік сайлау. Сонымен қатар, бұл - Мәжіліс пен Сенат өз жұмысын тоқтатып, олардың депутаттары таратылғаннан кейін жаңа Конституция қабылданған соң өткізіліп жатқан алғашқы сайлау.
Енді Қазақстанда екіпалаталы Парламенттің орнына жаңа заң шығарушы орган - Құрылтай болады. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді. Сайлаудан кейін депутаттар Құрылтай төрағасы мен оның үш орынбасарын бекітеді.
Құрылтайдағы 145 орын үшін жеті партия бақ сынап жатыр: "Әділет", "Ауыл", "Ақ жол", ЖСДП, "Байтақ", ҚХП және Respublica. Сайлау бюллетенінде "Бәріне қарсымын" деген нұсқа да бар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus