Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлытаулық саяхатшы “Ulytaumen“ дауыс берді

Жезқазған қаласында Құрылтай депутаттарын сайлау аясындағы дауыс беру жалғасып жатыр. Таңғы сағат 10:00-де қаладағы №28 сайлау учаскесіне Ұлытау өңіріне танымал ақсақал, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.
Өмірінің жетпістен асқан шағында ұзақ сапарларға шығып, Қазақстанды және бірнеше шет мемлекетті жаяу аралаған Сәрсенбай ақсақал үшін бұл күннің мәні ерекше.
Саяхатшы 2022 жылы Қазақстанның 17 өңірін жаяу аралап, 8 мың шақырымға жуық жол жүріп өткен. Бұл жетістігі отандық КИнЭС рекордтар кітабына енгізілді. Кейін ол халықаралық жорықтарын жалғастырып, бірнеше мемлекет аумағын жаяу еңсерді.
Ал, биылғы жылы Сәрсенбай Қотырашов 53 күн ішінде Сербия, Венгрия, Аустрия, Германия және Франция арқылы шамамен 3 мың шақырым жол жүріп, Парижге жетті. Оның табандылығы мен белсенді өмір салты көптеген қазақстандыққа үлгі болып отыр.
Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Саяхатшының айтуынша, елді жаяу аралау оған Қазақстанның әр өңіріндегі халықтың тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен ел азаматтарының арман-мақсатын жақыннан тануға мүмкіндік берген.

"Елдің болашағы әр азаматтың таңдауына байланысты. Сондықтан дауыс беру – жай ғана міндет емес, ел алдындағы азаматтық жауапкершілік", – деді Сәрсенбай ақсақал.

Ол дауыс беру учаскесіне келген азаматтарға ақ батасын беріп, елдің бірлігі мен берекесін, жастардың болашағы жарқын болуын тіледі.
Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашовқа 2026 жылы Қазақстанның туризм саласына қосқан үлесі мен белсенді өмір салтын насихаттағаны үшін "Құрметті спорт қызметкері" атағы табысталды.
Қазіргі уақытта №28 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жалғасып жатыр. Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus