Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Назарбаев омыртқасына ота жасатқан

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш президенттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев жақында омыртқасына жасалған отадан кейін денсаулығына байланысты өз дауысын үйден берді.

23 тамыз – сайлау күні

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының барлығы сайлауға қатысуға құқылы.

Сайлаушылар бюллетеньде өздері қолдайтын саяси партияны таңдайды. Заңда белгіленген межеден өткен партиялар Құрылтайдағы депутаттық мандаттарға ие болады.

Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыстарды санау басталады. Одан соң Орталық сайлау комиссиясы арнайы отырыста сайлау қорытындысын шығарады. Нәтижелер хаттамамен рәсімделіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.

Заңға сәйкес, сайлаудың түпкілікті қорытындысы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннен кешіктірілмей, яғни 2026 жылғы 30 тамызға дейін жариялануға тиіс.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы учаскелердің ашылғаны және дауыс берудің басталғаны туралы хабарлаған. Жалпы елде және шетелде 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ең алғашқы болып шетелдегі Сеул мен Токио қалаларындағы учаскелер ашылды.

Сеулде сайлауға қатысқан алғашқы қазақстандықтардың бірі Корея университетінің студенті болды.

Tengrinews.kz дауыс беру барысын онлайн режимде бақылап отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus