Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрылтай сайлауында қанша адам дауыс бергені туралы алғашқы мәлімет жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы бірпалаталы Парламент – Құрылтай сайлауына дауыс берушілердің келуіне қатысты алғашқы мәліметтерді жариялады. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратты ОСК мүшесі Азамат Айманакумов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОСК деректері бойынша, қазір 2 264 411 адам дауыс берген.

Астана – 17,01 пайыз;
Абай облысы – 17,35 пайыз;
Ақмола облысы – 18,91 пайыз;
Ақтөбе облысы – 20,28 пайыз;
Алматы облысы – 17,19 пайыз;
Атырау облысы – 18,75 пайыз;
Батыс Қазақстан облысы – 17,97 пайыз;
Жамбыл облысы – 18,25 пайыз;
Жетісу облысы – 20,87 пайыз;Қарағанды облысы – 21,06 пайыз;Қостанай облысы – 17,92 пайыз;Қызылорда облысы – 22,91 пайыз;
Маңғыстау облысы – 16,92 пайыз;
Павлодар облысы – 15,98 пайыз;
Түркістан облысы – 20,39 пайыз;Ұлытау облысы – 19,41 пайыз;
Шығыс Қазақстан облысы – 19,93 пайыз;
Солтүстік Қазақстан облысы – 17,52 пайыз;Алматы – 9,96 пайыз;
Шымкент – 20,39 пайыз.

Бұл сайлауда дауыс берушілер тізіміне барлығы 12 605 788 адам енгізілді.Құрылтай депутаттарын сайлауға сайлаушылардың келуі / ОСК деректеріНәтижелер қашан белгілі болады?
Елдегі сайлау учаскелері 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық. Олар жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталады. Комиссиялар нәтижелер туралы ОСК-ға дереу есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады.
Алдын ала қорытындылар бірнеше күн ішінде жариялануға тиіс. Ал ресми нәтижелер сайлаудан кейін 7 күннен кешіктірілмей мәлімделеді.
Бұл – сайлаудың түпкілікті қорытындысы биыл 30 тамызға дейін жарияланады деген сөз.Құрылтай сайлауы23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Құрамы мынадай:

"Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;"Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;"Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;Respublica партиясы - 75 кандидат.

1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus