Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлытау облысының 116 жастағы тұрғыны дауыс берді

Жүз жылдан астам өмір сүрген Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұрады және Қазақстандағы ең қарт азамат саналады. 1910 жылы дүниеге келген Түймегүл апа биыл 116 жасқа толды.
Түймегүл Темірбаеваның ел үшін маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіруі ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі әрі барша азаматқа үлгі боларлық өнеге болды.
Түймегүл апа өмірінің басым бөлігін отбасына және адал еңбекке арнаған. Жолдасы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы өсірумен айналысып, ғұмыр бойы маңдай терімен еңбек етті. Бүгінде ол 15 немере мен 25 шөберенің сүйікті әжесі.

Ұзақ жасаудың сыры туралы сұрағанда, Түймегүл апа оның мәні адал еңбекте, ізгі ниетте және жақындарға деген сүйіспеншілікте екенін айтады. Бұған дейінгі сұхбаттарында Түймегүл апа әлі күнге дейін үй шаруасына араласатынын, құрт жасайтынын және қолынан келгенше шаруашылық жұмыстарын атқаратынын айтқан.
Дауыс беру кезінде ұзақ жасаған ана елге ізгі тілегін білдіріп, ұрпақтарына денсаулық пен амандық, елге тыныштық, ал Қазақстанға жарқын болашақ тіледі.


"Ұрпағымыз аман-сау болсын, елімізде бейбітшілік болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын", – деп тілек білдірді Түймегүл апа.

Түймегүл апаның таңдауы – жай ғана бір дауыс емес. Ол ғасырдан астам тарихты көрген адамның ел болашағына бағытталған ақ батасындай болды.
Айта кетейік, Түймегүл Темірбаева бұған дейін де қоғамдық маңызы бар науқандарға қатысқан. 2026 жылғы республикалық референдум кезінде де ол арнайы жылжымалы дауыс беру жәшігінің көмегімен өз таңдауын жасаған.

116 жастағы ұзақ жасаған кейуананың таңдауы "Елдің болашағы – әрқайсымыздың ортақ ісіміз" деген қарапайым әрі терең ойдың символына айналды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus