Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қызылордада 90 отбасы баспаналы болды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен сол жағалаудағы екі көпқабатты тұрғын үйдің 90 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға табысталды. Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Баршаңызға көптен күткен жаңа қоныс құтты болсын! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», - деген болатын. Бұл бағытта Сыр өңірінде байыпты бастамалар сәтті жүзеге асуда. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін жайлы баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту жүйелі жолға қойылған. Бүгін кезекте тұрған жерлестерімізге аумағы 7 мың шаршы метрден асатын 90 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаудамыз. Алдағы уақытта да шаһардың ажарын айшықтайтын заманауи үлгідегі тұрғын үйлер бой көтереді. Жаңа қоныс құтты, шаңырақтарыңыз биік, босағасы берік болсын, іші береке мен мерекеге толсын! Әр отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.


Рәсімде ел ағасы Бақберген Досманбетов сөз сөйлеп, тұрғын үйді салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен соңғы төрт жылда тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды. 2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табысталып, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарлануда.
Бүгінде сол жағалауда бой көтерген 169 нысанның 136-сы - көпқабатты тұрғын үй. Жаңа шағын аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асты.

Халыққа жайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік, 13 ірі бизнес нысаны бой түзеп, ел игілігіне қызмет етуде.
Қазіргі уақытта тағы 48 ғимарат салынып жатыр. Сондай-ақ И.Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін төрт жолақты жаңа көпір құрылысы жоспарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus