Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қызылордада “Мерейлі отбасы“ байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

"Құзыреттілік орталығында" "Мерейлі отбасы – 2026" ұлттық байқауының облыстық кезеңін қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері қатысты.

Аймақ басшысы отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.


"Баршаңызды отбасы құндылығын ұлықтап, шаңырақтың шырайын, ұрпақ тәрбиесінің өнегесін дәріптейтін "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысымен шын жүректен құттықтаймын! Жыл сайын әр аймақтан өнегелі отбасылар байқауға белсене қатысып, құрметке ие болып келеді. Биыл қала, аудандардан 220 отбасы қатысып, 16 отбасы үздік деп танылды. Осындай үлгілі әулеттер ұрпақ сабақтастығын сақтап, құндылықтарды насихаттауға негіз қалайды", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.



"Халықтық Конституциямызда отбасы мен ұрпақ тәрбиесінің қоғам өміріндегі орны айқын көрініс тапқан. Сондықтан отбасының мәртебесін көтеру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – баршамызға ортақ міндет. Шаңырақтың беріктігін сақтап, сыйластық пен мейірімділікті өмірінің өзегіне айналдырған барша отбасыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Әрбір шаңыраққа баянды бақыт, амандық пен бақ-береке тілеймін!", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпазы Құтмамбетовтер отбасы болып (Арал ауданы), бас жүлдені иеленді.
Шиелілік Бәкіровтер отбасына І орын, қазалылық Досхожаевтар отбасына ІІ орын, қызылордалық Бимұратовтар отбасына ІІІ орын берілді.

Жеңімпаздар сыйлықтар және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus