Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны айтылды

2026–2027 оқу жылына арналған магистратура бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желілерде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Education.
Комиссия құрамына министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы кәсіподақтардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

"Отырыс барысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурстық негізде жүргізілді. Комиссияның барлық мүшесіне жауапты әрі мұқият жұмыстары үшін алғыс айтамын", - деді Саясат Нұрбек.

Биыл магистратура гранттары конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Үміткерлер арасында "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", сондай-ақ, "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" бағыттары ең үлкен сұранысқа ие.
Тізім 24 тамызда сағат 15:00-де жарияланады. Құжатты Ғылым және жоғары білім министрінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, Министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ, Tengrinews.kz сайты мен әлеуметтік желілерінде көруге болады.
Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus