Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт болады – Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сайлауы туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Құрылтай сайлауын ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт деп атады. Бұл туралы ол Қазақстан халқына үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент жаңа заң шығарушы орган әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс екенін атап өтті.

"Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біз геосаяси шиеленіс ширығып, жаһандық сын-қатерлер күшейе түскен кезеңде бет алған бағытымыздан таймай, тек алға қарай жүруіміз қажет.

"Қазақстанды әлемдегі нағыз озық мемлекеттердің қатарына қосу үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, яғни ұлттық стратегиямызды табысты жүзеге асыруымыз қажет", – деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жалпыхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша Құрылтайға кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланады деп кәміл сенетінін айтты.

"Адамдар көп жағдайда қабылданған маңызды шешімдердің шынайы құндылығын жылдар өткен соң ғана түсінеді. Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін дәл осындай бетбұрысты сәт болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы үндеуінің толық мәтіні мына сілтеме арқылы оқыңыз.
23 тамызға жоспарланған Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа парақ ашады.
Бұл – 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне еніп, қос палаталы Парламент – Мәжіліс пен Сенаттың жұмысы тоқтатылғаннан кейінгі алғашқы сайлау. Жаңа бір палаталы органдағы 145 мандатқа 7 саяси партия таласады.
Еліміз үшін бұл парламенттік науқан 1991 жылдан бергі оныншы сайлау болмақ.
Бұған дейін Президент Құрылтай сайлауы ел өміріндегі маңызды оқиға болатынын айтқан еді. Ол Қазақстан жан-жақты жаңғыру жолына түсіп, елімізде түбегейлі өзгерістер жасалып жатқанына назар аударды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus