Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Демалыста күн күркіреп, жаңбыр жауады: Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді

"Қазгидромет" синоптиктері 22, 23 және 24 тамызға арналған Алматы мен Астанадағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді. Елордада күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді, ал Алматыда жылы ауа райы сақталғанымен, күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Астанадағы ауа райы

22 тамызда елордада күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура +9...+11 градус, күндіз ауа +24...+26 градусқа дейін жылынады.

23 тамызда ауа райы өзгереді: таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін күшейіп, екпіні 15-20 метрге жетеді. Күндіз температура +19...+21 градус болады.

24 тамызда Астанада кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін күшейеді, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде +10...+12, күндіз +22...+24 градус болады.

Алматыдағы ауа райы

22 тамызда күн құбылмалы болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде температура +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

23 тамызда күндіз жаңбыр мен найзағай болжанады. Түнде температура +19...+21 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

24 тамызда Алматыда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні кей кезде 15 метрге жетеді. Түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус болады.

Қазақстандықтарды жаңбырлы демалыс күндері күтіп тұр

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашын жауып, ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлаған. Ел аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа райы болжамын толығырақ мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus