Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балапан жүре алмаған: Қостанай тұрғыны құсқа көмектесудің ерекше әдісін ойлап тапты

Қостанай тұрғыны тапқырлық танытып, жүре алмайтын жаңа туған балапанды құтқарып қалды. Ол картон мен жабысқақ пластырьдың көмегімен балапанға гипс қызметін атқаратын "бәтеңке" жасап берген, деп хабарлайды Tengri Life.
Не болды?
Құтқару оқиғасы туралы Қостанай тұрғыны Юлия Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, ол өз тауықтарының ішінен аяғы қисық балапанды байқап, оған картоннан гипс жасап беруді ұйғарған.

"Біз оған картон мен лейкопластырьдан осындай аяқтар жасап, орап қойдық. Енді ол бір-екі күн үйде отырады, содан кейін қалыпты жүре бастауы керек", - деді Юлия.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by АКВАГРИМ с нуля•ОНЛАЙН ОБУЧЕНИЕ•ДОХОД (@alieva_juli)


Бұл видео 700 мыңға жуық қаралым жинады. Бейнеролик астындағы пікірлерде желі қолданушылары әйелдің қамқорлығына ризашылық білдіріп, балапанның сауығып кеткен-кетпегенін сұрап жатты.

"Зергерлік жұмыс сияқты шығыпты! Жарайсыз!"
"Менің қолымнан келмеді: жүре бастағандай болып еді, қатты қуанып едім, бірақ кейін қайта нашарлап кетті... Қорапта 3,5 ай өмір сүрді, жүре алмады, тек жатты. Екі күн бұрын өліп қалды, бірақ мен оған тым болмаса осы айларда өмір сүруге мүмкіндік бердім"
"Егер әйел адам біреуді құтқарғысы келсе, оның құтқарылмауы мүмкін емес!"
"Бізде де сондай болған, өзі жазылып кетті. Біз оны еркелетіп "Доходяга" деп атайтынбыз. Өскенде өте нәзік әрі момын тауық болды!"
"Аяқтары қалай болды? Ол аман ба?"

Балапанның тағдыры не болды?
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде тараған соң, көпшілік балапанның қазіргі жағдайын білгісі келді. Юлияның айтуынша, ол тез сауығып кеткен - үшінші күні-ақ өз бетінше жүгіре бастап, қазір басқа құстармен бірге тұрып жатыр.

"Балапан үшінші күні-ақ өз аяғымен жүгіріп кетті. Біз тауықтарды тек жұмыртқа үшін ұстаймыз, сондықтан барлық құстарымыз қауіпсіздікте және өмір сүре береді", - деді ол.

Оның айтуынша, кішкентай балапан аяғын жұдырықтай түйіп жатқан соң, ол бірден әрекет етуді ұйғарған.
Дегенмен, жануарларға арналған қолдан жасалған құрылғыларды емдеудің әмбебап әдісі ретінде қабылдамаған жөн: жарақаттар немесе туа біткен ауытқулар кезінде ветеринарға жүгінген дұрыс.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus