Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Бірден Қазақстан туралы екенін түсінесің“: шетелде Құрылтай туралы не айтып жатыр?

Құрылтайға алдағы сайлау және Қазақстанның бірпалаталы Парламентке өтуі саяси ғана емес, экономикалық тұрғыда да талқыланып жатыр. Германиялық сарапшылар Tengrinews.kz тілшісіне жаңа парламенттік модельді қалай бағалайтындарын және оның Қазақстанның шетелдік серіктестермен қарым-қатынасына ықтимал әсерін немен байланыстыратындарын айтып берді.
Сұхбат берушілердің қатарында Liberaler Mittelstand бірлестігінің Берлиндегі бөлімшесінің төрағасы және Open International Dialogue негізін қалаушы Кристиан Гроссе, сондай-ақ Мюнхендегі COMMVISORY консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі Оливер Ролофс бар.
Бірпалаталы Парламент нені өзгертуі мүмкін?
Парламенттің жаңа құрылымы туралы айта келе, Кристиан Гроссе оны бұрынғы екіпалаталы жүйемен салыстырды. Соның ішінде ол шешімдерді қарау және қабылдау үшін қажетті уақытқа назар аударды.
Кристиан Гроссе / Фотоны сұхбат беруші ұсынды

"Бұрын Мәжіліс пен Сенат болды және шешімдердің қос палата арқылы өтуіне әрине көп уақыт кететін. Ал егер парламент бірпалаталы болса, талқылауларды тиімдірек жүргізуге, шешімдерді жылдамырақ қабылдауға болады, ал процестің өзі едәуір қысқарады", – деп атап өтті ол.

Гроссе тоқталған тағы бір аспект – сайлауға жеті саяси партияның қатысуы. Сарапшы олардың күн тәртібі мен саяси басымдықтарындағы айырмашылықтарға назар аударды.
Жаңа жүйені инвесторлар қалай қабылдауы мүмкін?
Гроссе парламенттік өзгерістерді шетелдік бизнес тұрғысынан бөлек қарастырды. Инвесторлар үшін маңызды болуы мүмкін факторлардың қатарында ол шешім қабылдау процесінің жылдамдығы мен түсініктілігін атады.

"Мұндай жүйе елдің болашағы үшін, Қазақстан үшін, әсіресе инвесторлар тұрғысынан ұзақ мерзімді перспективада өте маңызды. Олар шешімдер ұзақ сонар талқылауларға созылмай, тез әрі айқын қабылданатынын түсінеді. Бұл, өз кезегінде, инвестиция тартуға, экономиканы дамытуға, түрлі жобаларды қолдауға көптеген артықшылық туғызады", – деп есептейді Гроссе.

Неге Құрылтай?
Гроссе "Құрылтай" сөзінің қолданылуын Қазақстанның тарихи дәстүрімен және елдің шетелде қалай қабылданатынымен байланыстырды.

"Қазақтар – өз тарихымен өзін терең байланыстыратын өте өршіл халық. "Құрылтай" сөзін естігенде, бірден: "Аха, сөз Қазақстан туралы болып жатыр" деп түсінесің. Меніңше, бұл термин бірден Қазақстанның өз тарихы мен тарихи мұрасына үлкен көңіл бөлетіндігімен ассоциация тудырады", – деді ол.

Сайлау және Еуропамен қарым-қатынас
Алдағы сайлау және оның халықаралық контексі туралы геосаясат және стратегиялық коммуникациялар жөніндегі сарапшы Оливер Ролофс та пікір білдірді.
Оливер Ролофс / Фотоны сұхбат беруші ұсынды
Анықтама: Оливер Ролофс - стратегиялық коммуникациялар, public affairs және геосаяси консалтинг саласында жұмыс істейтін Мюнхендегі COMMVISORY консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі.
Ролофс 23 тамыздағы сайлауды Қазақстандағы кейінгі жылдардағы саяси өзгерістер аясында қарастырады.

"Тәуелсіздігінің 30 жылдан астам уақытында Қазақстан ауқымды саяси реформалар процесін бастады. 23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – бұл тағы бір қадам. Олар елдің мемлекеттік институттарды нығайтуға, азаматтардың саяси қатысуын кеңейтуге және реформалар курсын дәйекті түрде жалғастыруға деген ұмтылысын айқындайды", – деді Ролофс.

Халықаралық контексте сарапшы Қазақстанның Германиямен және басқа да еуропалық елдермен қарым-қатынасына жеке тоқталды. Маңызды бағыттардың қатарында ол энергетиканы, өте маңызды шикізат ресурстарын және Еуропа мен Азия арасындағы көлік бағдарларын атады.
Атап айтқанда, Ролофс Орталық Азия, Каспий және Оңтүстік Кавказ арқылы өтетін, Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Орта дәлізді тілге тиек етті.

"Қазақстан энергетика, аса маңызды шикізат ресурстары саласында да, Еуропа мен Азия арасындағы Орта дәліздің негізгі мемлекеті ретінде де стратегиялық серіктес. Дәл геосаяси шиеленіс күшейген кезеңде сенімді серіктестердің маңызы бұрынғыдан да зор. Сондықтан қуатты Қазақстан Германия мен Еуропаның да мүддесіне сай келеді", – деп атап өтті ол.

Ролофстың айтуынша, мемлекеттік институттардың жай-күйі де ұзақ мерзімді экономикалық және халықаралық ынтымақтастық кезінде ескерілетін факторларға жатады.
Құрылтай сайлауы
Бұл сайлау Қазақстанда 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және 2026 жылғы конституциялық референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес құрылған Құрылтайға бірінші сайлау болмақ. Бүгінде Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттары таратылды.
Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай болады.
Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді. Оның құрамына 5 жылдық мерзімге сайланатын 145 депутат енеді. Олар парламент төрағасы мен оның үш орынбасарын өздері сайлайды.
Құрылтай жасақталғаннан кейін қазіргі үкімет отставкаға кетеді.
Бұған дейін бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеннің қандай болатыны белгілі болды.
Сондай-ақ қазақстандықтарға Құрылтай депутаттарын сайлау күні толтырылған бюллетень суретін жариялауға тыйым салынатыны ескертілді. Бұл ережені бұзғаны үшін 130 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus