Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сот Гүлнәр Бажкеноваға үкім шығарды

Алматы соты Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты үкім шығарды. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын өтеуді екі жылға кейінге қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бажкеноваға ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылды: көрінеу жалған ақпарат тарату (274-бап), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету (189-бап), сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік (214-бап).

"Сот анықтағандай, 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы желтоқсан аралығында "О" ЖШС-нің басшысы болған Б. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, компанияның есепшоттарынан 88 144 127 теңгені жымқырған. Аталған қаражатты ол жалған жарнамалық, кәсіби және ғылыми қызметтерге ақы төлеу ретінде бақылуындағы жеке кәсіпкердің есепшотына аударған, сондай-ақ ұлының жекеменшік халықаралық мектепте оқу ақысын төлеген", - деп хабарлады сот.

Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмеген Бажкенова Алматыда пәтерлерді сатып алу және сату арқылы 121 200 000 теңге көлемінде табыс алған, бұл ретте салық төлемеген.
Сот ақпарат таратуға қатысты эпизодтарды жеке қарады. Іс материалдарына сәйкес, 2024–2025 жылдары Бажкенова ақпараттық-талдамалық порталдың бас редакторы болып отырып, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы 8 эпизод бойынша интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет таратқан. Сот мәліметінше, бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген.

"Сот үкімімен Б. кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика, блогинг, көпшілік іс-шаралар және өзге де қоғамдық қызмет салаларында жұмыс істеуге, сондай-ақ БАҚ-қа қатысты ұйымдарда басшылық және материалдық жауапты қызметтер атқаруға тыйым салынды", - деп хабарлады сот.

Бұл ретте жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Сот бұл шешімді сотталушынығ 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде қабылдаған.
Бұдан бөлек, сот материалдық залалды өтеу есебіне 95 992 350 теңге өндіріп алуды қаулы етті. Сондай-ақ 2 879 770 теңге мемлекеттік баж және жәбірленуші тараптың заң көмегіне ақы төлеу және процестік шығындары ретінде 6 800 000 теңге өндірілді.
Гүлнәр Бажкенова қалай қылмыстық іс фигуранты болды?
2025 жылғы 1 желтоқсанда Алматыда Бажкенованың пәтері мен Orda.kz кеңсесінде тінту жүргізілді. Қалалық полиция тергеу әрекеттері жүргізілгенін растады
Алматы ПД сотқа дейінгі тергеу көрінеу жалған мәліметтерді бірнеше рет және қасақана тарату фактілері бойынша азаматтардың арызы негізінде басталғанын хабарлады.
Тергеу әрекеттері кезінде Бажкеновадан электронды құрылғылар мен материалдар тәркіленді. Полиция бұл заттар жарияланымдарды дайындау мен орналастыру мән-жайын анықтау және олардың шығу тегін тексеру үшін қажет екенін түсіндірді.
Гүлнәр Бажкенова деген кім?
Гүлнәр Бажкенова - қазақстандық журналист және медиаменеджер, Orda.kz интернет-басылымының негізін қалаушы және бұрынғы бас редакторы.
Ол Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітіріп, журналистикамен студент кезінен айналыса бастаған. Әр жылдары Бажкенова қазақстандық БАҚ пен медиажобаларда жұмыс істеп, басшылық қызметтер де атқарды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus