Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда тұрғындар қоқыс жәшігінің жанына көлік қойған жүргізушіге ерекше сабақ берді

Желіде Алматыдағы аулалардың бірінде тұрғындар қоқыс контейнерлерінің алдына көлігін қойып кеткен жүргізушіні ерекше әдіспен жазалаған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Кадрларға қарағанда, Hongqi жүргізушісі көлігін Алматының Айнабұлақ ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласында, дәл қоқыс контейнерлері тұрған алаңға қалдырып кеткен.



Threads желісінен көру


Көлікті бұлай қою жергілікті тұрғындарға ұнамағаны анық. Олар жүргізушіге өз әдістерімен сабақ беруді ұйғарған: көліктің есік тұтқаларына қоқыс салынған пакеттерді байлап тастаған.
Жүргізуші нені бұзды?
Адвокат Абзал Қасымжановтың айтуынша, мұндай жағдайда тек жол жүрісі қағидаларын ғана емес, тиісті аумақты абаттандыру ережелерін де ескеру қажет.

"Қолданыстағы абаттандыру ережелерінде үй маңындағы аумақтарда, контейнер алаңдарында және оларға іргелес жатқан жерлерде көлік құралдарын тоқтатуға және қоюға жол берілмейтіні тікелей қарастырылған. Бұл талаптар аула аумақтарына да қатысты", - деп түсіндірді адвокат.

Оның сөзінше, егер көлік шынымен де контейнер алаңын немесе оған баратын жолды жауып тастаса және соның салдарынан қоқыс тасушы көлік келе алмай, қалдықтарды әкете алмаса, бұл абаттандыру ережелерін бұзу болып саналуы мүмкін.
Сонымен қатар маман қоқыс жәшіктерінің қарсы алдына қойылған кез келген көлікті автоматты түрде жол жүрісі қағидасын бұзу деп санауға болмайтынын атап өтті. Нақты жағдайды ескеру қажет: көлік қай жерде тұр, ол контейнер алаңы ма әлде оған іргелес аумақ па, машина коммуналдық техникаға кедергі келтіріп тұр ма, сондай-ақ жол белгілері мен таңбалар бар ма, соның бәрі маңызды.
Қандай айыппұл салынуы мүмкін?
Егер жүргізушінің әрекеті абаттандыру ережелерін бұзу ретінде сараланса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы қолданылуы мүмкін. Баптың бірінші бөлігі бойынша жеке тұлғаға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері артады.
Бұдан бөлек, жағдайға байланысты ӘҚБтК-нің 597-бабы – көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу бабы қолданылуы мүмкін. Жалпы ереже бойынша, бірінші бөлікте 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер көлік, мысалы, тротуарға немесе басқа да арнайы көрсетілген жерлерге қалдырылса, жауапкершілік қатаңырақ болуы мүмкін.

"Сондықтан айыппұлдың бір әмбебап сомасын алдын ала айту мүмкін емес: нақты қандай ереже бұзылғанын және көліктің қандай жағдайда қойылғанын анықтау керек", - деді адвокат.

Тәртіпсіз тұраққа қайда шағымдануға болады?
Егер автокөлік қоқыс контейнерлеріне баратын жолды бөгеп тұрса, бұл заң бұзушылықты фотоға немесе видеоға түсіріп алуға болады. Жазбада көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі, орны мен уақыты көрінгені жөн.
Бұзушылықтың сипатына қарай полицияға немесе тиісті жергілікті атқарушы органға жүгінуге болады. Үй маңындағы аумақты абаттандыру мәселелері бойынша eOtinish жүйесін қолданып, өтінішке фото мен видеоны қоса тіркеуге болады.
"Өз бетінше жазалаудың" салдары қандай?
Мұндай "өз бетінше жазалаудың" тұрғындардың өзіне қалай тиетінін анықтауды жөн көрдік.
Адвокат көлікті өз бетінше бұғаттауға, дөңгелегінің желін шығаруға, машинаны зақымдауға немесе басқа да тәсілдермен иесін "жазалауға" тырыспауға кеңес береді.

"Заң тұрғысынан алғанда, "өз бетінше жазалаудың" мұндай түріне жол берілмейді. Жүргізуші тұрақ ережесін шынымен бұзып, қоқыс шығаруға кедергі келтірсе де, бұл басқа азаматтарға оған өз бетінше қандай да бір санкция қолдануға құқық бермейді", - деп түсіндірді Қасымжанов.

Тұрғындардың әрекеті көліктің зақымдалуына әкеп соқса, салдары өте ауыр болуы мүмкін. Мысалы, егер әрекет нәтижесінде көліктің шанағы немесе бояуы сызылса, әйнектері немесе басқа бөліктері зақымдалса.
Мұндай жағдайда көлік иесі полицияға жүгініп, шығын келтірген адамдарды анықтауды талап етуге құқылы. Зақымның сипаты мен көлеміне байланысты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін.
Тұрғындар қалай жазалануы мүмкін?
ӘҚБтК-нің 147-1-бабында, егер әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру үшін жауапкершілік қарастырылған.
Егер келтірілген залал елеулі болса және заңда қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша мәселе қаралуы мүмкін.
Сонымен қатар көлікке қоқыс пакеттерін қою фактісінің өзі автоматты түрде құқық бұзушылық немесе қылмыс бар екенін білдірмейді. Мүліктің нақты зақымдалуы, ниет, себеп-салдарлық байланыс және залалдың көлемі маңызды мән-жайлар болады.
Көліктен пакеттерді алғаннан кейін сызаттар немесе басқа да зақымдар анықталса, иесіне машинаның жай-күйін фото мен видеоға түсіріп алу, бақылау камераларының жазбаларын сақтау, куәгерлерді анықтау және полицияға жүгіну ұсынылады. Қажет болған жағдайда шығын көлемі бағалау немесе сараптама арқылы расталуы мүмкін.
Осылайша, жүргізуші тұрақ ережесін шынымен бұзған болса да, бұл басқа тұрғындарға оны өз бетінше жазалауға құқық бермейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus