Қарағандыда Mercedes теміржолда қалып қойған: видео
Бейнежазбада бір топ ер адам жұмыла әрекет етіп, көлікті рельстен шығарғаны көрінеді. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, қолданушылардың назарын оқиғаның ерекшелегінінен бұрын, куәгерлердің әрекеті аударды: жүргізушілер бейжай өтіп кетпей, бірден көмекке келген.
eKaraganda Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 13 тамызда сағат 17:06-да Майқұдықтағы реттелетін өткелде, Ақадыр - Қарағанды Сұрыптау учаскесінің Майқұдық - Жаңа Қарағанды аралығында болған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ҚАРАҒАНДЫ/ХАБАРЛАНДЫРУЛАР/ЖАРНАМА (@one_karaganda) жарияланымынан
"ҚТЖ" ақпаратына сәйкес, автокөлік өткелдің үстінде кенет тоқтап қалған. Жүргізушіге жол қозғалысының басқа қатысушылары мен теміржолшылар көмектесті. Сағат 17:10-да көлік жолдан шығарылды.
"ҚТЖ" өкілдері өткелдегі дабыл құрылғылары дұрыс жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Пойыздар кешікпеді, ешкім зардап шеккен жоқ.