Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда рейдтен кейін 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды

Өткен демалыс күндері Алматыда полиция жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті. Рейд ең алдымен өрескел заңбұзушылықтарды анықтауға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жеке мобильділік құралдары - самокаттар, мопедтер мен электрвелосипедтерді бақылауға бағытталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, бір тәулік ішінде 1 542 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 185-і жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтар санатына жатқызылды.
Атап айтқанда, полицейлер автокөлікті мас күйінде басқарудың сегіз дерегін, қарсы бағытқа шығудың жеті жағдайын және маневр жасау ережелерін бұзудың, соның ішінде жолақты қауіпті ауыстырудың 76 фактісін анықтады.
Бұдан бөлек, 68 жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпаған, 24 автокөлік иесі рөлде отырып ұялы телефон пайдаланған. Тағы екі жағдайда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған көліктер анықталды.
Тексеріс қорытындысы бойынша 20 автокөлік мамандандырылған айыптұраққа жөнелтілді.
Мопедтер мен скутерлер жіті бақылауда
Рейд кезінде мотоцикл мен жеке мобильділік құралдарына ерекше көңіл бөлінді.
Мәселен, Жетісу ауданында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудың 152 дерегін, соның ішінде көлікті пайдалану және жолаушылар тасымалдау ережелеріне қатысты заңбұзушылықтарды анықтады.
Тексеріс нәтижесінде мамандандырылған тұрақтарға 298 скутер, үш мопед, бір мотоцикл және бір электрвелосипед қойылды.
Полиция қозғалыс қарқынды учаскелер мен жол-көлік оқиғалары жиі болатын орындарға басымдық берілетінін атап өтті.

"Бақылау шаралары тұрақты негізде, әсіресе қозғалыс тығыздығы мен апат деңгейі жоғары учаскелерде жалғасады. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырамыз", - деп түйіндеді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.

Жүргізушілерге жол ережесін сақтау, қауіпті маневрден бас тарту және өздері мен өзге қозғалыс қатысушыларын қауіп-қатерге итермелемеу туралы ескерту жасалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus