Асу Алмабаевтың титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды: күні белгілі
ACBJJ промоушені ұйымның 22-ші нөмірлі турнирінде өтетін кездесулер бірінің афишасын жариялады. Лига чемпионы атағы үшін болатын айқаста Асу Алмабаев пен тегі тәжік ресейлік спортшы Халим Назруллоев кездеседі. Турнир 30 тамызда Стамбулдағы (Түркия) Ora Arena стадионында өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu (@acb_jj) жарияланымы
Айта кетсек, осы жекпе-жекке 8 күн қалғанда Алмабаев Real American Freestyle (RAF) промоушенінің турнирінде де бақ сынауы тиіс. Бұл кездесу 22 тамызда Кливлендтегі (Огайо штаты, АҚШ) Rocket Arena-да өтеді, қазақстандықтың қарсыласы америкалық балуан Джонни Диджулиус болмақ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Real American Freestyle (@rafwrestlingusa) жарияланымы
Tengri Sport тілшісі мән-жайды білу үшін Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базровқа хабарласты. Маман қазақстандық қос лигада өнер көрсетіп үлгеретінін айтты. Сондай-ақ ол өзге ұйымдардағы турнирлер үшін команда арнайы дайындық лагерін ұйымдастырмайтынын, жаттығу үйреншікті қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.
Бапкердің айтуынша, мұндай шаралар файтерлер үшін танымалдылықты арттыруға, жаңа тәжірибе жинақтауға және қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.
"Біз бұл күреске де, грепплинг жекпе-жегіне де ерекше дайындалған жоқпыз. Мұндай турнирлер үшін бізде арнайы лагерь жоқ. Қалай жаттықтық, солай жалғастырып жатырмыз. Біз басты назарды мұндай кездесулерге аудармаймыз.
Бұл жай ғана тәжірибе жинау, өзің үшін жаңа бір нәрсе үйрену үшін қажет. Әрі турнирлер арасында ақша табудың жолы. Біз бұған қатты мән бермейміз", - деді Эдуард Базров.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Eduard Bazrov-тың жазбасы (@eduard_bazrov15)
Бұған дейін Эдуард Базров өзге лигаларда өнер көрсету файтердің аралас жекпе-жектің басты промоушені - UFC-ге дайындығына еш кедергі келтірмейтінін айтқан болатын.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Eduard Bazrov-тың жазбасы (@eduard_bazrov15)
Алмабаевтың титулдық жекпе-жектегі қарсыласы несімен танымал?
Халим Назруллоев кәсіпқой мансабын 2019 жылы аралас жекпе-жекте бастап, 2026 жылдың ортасына қарай еш жеңілмеген - 13-0-0.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Khalim Nazruloev (@khalim_nazruloev) жарияланымы
Оның негізгі өнер көрсететін аренасы ресейлік RCC ұйымы болды, ол жерде жекпе-жектерінің басым бөлігін өткізіп, тәжірибелі қарсыластарын тұрақты жеңіп келді.
2024 жылы файтер Азияның ірі ONE Championship промоушенінде ONE Friday Fights сериясы аясында дебют жасап, екі рет сенімді жеңіске жетті. Алдымен ол Илимбек Акылбек уулун техникалық нокаутпен жеңсе, кейін Джамолиддин Рахмонжоновтан төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен басым түсті.
Жеңіліп көрмеген Халим Назруллоевтың (9-0) ONE-дағы айқын басымдықпен өткен дебюті, ол Илимбек Акылбек уулун 2-раундта тоқтатты. Тіземен соққы жасап, оны тығырыққа тіреді. #ONEFridayFights47 pic.twitter.com/IuLm1Q9Vs1
— caposa (@Grabaka_Hitman) 12 қаңтар, 2024 жыл
Осыдан кейін ол RCC-ге оралып, мерзімінен бұрын жеңіске жету сериясын жалғастырды. 2025 жылдың ақпанында RCC Intro 35 турнирінде Нильдо Нассиментоны бірінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты, сол жылдың қыркүйегінде RCC 23-те Веллитон Силваны "қол үшбұрышы" әдісімен берілуге мәжбүр етті, ал 2026 жылдың 4 шілдесінде RCC 25-те Рафаэль Костаны басынан қатты теуіп, соққының астына алды.
UFC-дегі ең үздік қазақстандық басқа лигада жекпе-жек өткізеді: не белгілі?
Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды: еліміздегі ең танымал файтердің отбасында қайғылы жағдай
Қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмахан лигадан шығарылды