Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев “Qazaqstan Barysy - 2026“ турнирінің жеңімпазын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy - 2026" турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Маңғыстау облысының балуаны Жантiлек Нұртiлепұлы Qazaqstan Barysy-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарысқа алғаш рет қатысқан.

Жартылай финалда Нұртiлепұлы Қостанай облысының өкілі Алмас Жұмағалиды жеңді. Ал финалда "Қазақстан барысы-2023" жеңімпазы, Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайдан басым түсті.

Қола жүлдені Шымкенттен келген Нұрсұлтан Қожагелдіұлы иеленді. Ол үшінші орын үшін белдесуде Алмас Жұмағалиды жеңді.

Жеңісі үшін Нұртiлепұлына алтын белбеу мен 15 миллион теңге берілді. Күміс жүлдегер 3,5 миллион теңге, қола жүлдегер 1,5 миллион теңге алды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus