Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жол апатына түсіп, бірақ сақтандыру төлемін алмаған жағдайда қайда жүгінуге болады?

Қазақстанда көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (МАҚЖ) жүйесі жұмыс істейді. Ол жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шегушіге келтірілген зиянды өтеу үшін қажет. Сондай-ақ көлік иесін шартта қарастырылған тәуекелдерден қорғайтын КАСКО секілді ерікті сақтандыру түрлері де бар.
Алайда апаттан кейін көлік иелерінде сақтандыру компаниясына қатысты сұрақтар жиі туындайды: өтінішті қарау неге созылып кетті, қандай құжаттар жетіспейді, компания қай жағдайда төлемнен бас тартуы мүмкін және ақша аударылмаған жағдайда не істеу керек?
Tengri Auto тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және адвокат Абзал Қасымжановпен бірлесе отырып, мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, сақтандыру компаниялары үшін қандай мерзімдер белгіленгенін және міндеттемелерін бұзғаны үшін оларға қандай жауапкершілік қарастырылғанын анықтап көрді.
Сақтандыру компаниясына ЖКО туралы неше күн ішінде хабарлау керек?
ЖКО-дан кейін көлік иесі апаттың барлық мән-жайы толық анықталғанша күтіп отырмауы тиіс. Сақтандыру жағдайы болғаны туралы өз сақтандыру компаниясына дереу хабарлау қажет.
Заң бойынша, сақтанушы бұл туралы ЖКО-дан хабардар болған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы тиіс. Егер сақтанушы мен сақтандырылушы екі бөлек адам болса, бұл міндет сақтандырылушыға жүктеледі.
Егер адам дәлелді себептермен оқиға туралы уақытында хабарлай алмаса, бұл жағдайды құжаттармен растауға тура келеді.
МАҚЖ бойынша төлем мерзімдері: сақтандыру компаниясы неше күн ішінде төлейді
МАҚЖ үшін заңмен төлем мерзімі белгіленген. Құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін сақтандыру компаниясы ақшаны 15 жұмыс күні ішінде аударуы тиіс.
Адвокат Абзал Қасымжанов бұл ретте ЖКО болған күнді мерзімнің басталу күнімен шатастырмау маңызды екенін атап өтті. 15 жұмыс күні сақтандыру компаниясы құжаттардың толық жиынтығын алған сәттен бастап есептеледі.
Сондықтан көлік иесіне сақтандыру компаниясының құжаттарды алғанын растайтын құжатты сақтап қойған жөн.
Құжаттар жетіспейтін жағдайлар
Кейде сақтандыру компаниясы төлем жасау үшін қандай да бір құжаттардың жетіспейтінін хабарлайды. Бірақ жай ғана хабарлау жеткіліксіз.
Егер ұсынылған құжаттар сақтандыру жағдайын растау немесе залал мөлшерін анықтау үшін жеткіліксіз болса, сақтандырушы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлап, жетіспейтін немесе дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізімін көрсетуі тиіс.
Бұл практикалық тұрғыдан да маңызды: көлік иесі сақтандыру компаниясымен бірнеше рет нақтылап жатпай, дәл қандай құжатты өткізу керектігін түсінуі керек.
Сақтандыру төлемі кешіктірілсе: тұрақсыздық айыбын қалай алуға болады?
Егер белгіленген мерзім өтіп кетсе, ал сақтандыру компаниясы ақшаны аудармаса, көлік иесінің тұрақсыздық айыбын талап етуге құқығы бар.
Төлем мөлшері Азаматтық кодекстің 353-бабына сәйкес анықталады.
Бұдан бөлек, сақтандыру төлемін жүзеге асырмағаны, уақтылы жүзеге асырмағаны немесе толық көлемде төлемегені үшін сақтандыру ұйымына 100 АЕК айыппұл қарастырылған.
Адвокат мұндай жағдайда тек ауызша өтініштермен шектелмеуге кеңес береді.

"Зардап шегуші сақтандырушыға төлемді дереу жүргізуді және заңда қарастырылған тұрақсыздық айыбын есептеуді талап етіп, жазбаша шағым жолдауға құқылы", - деп атап өтті Абзал Қасымжанов.

Егер сақтандыру компаниясы мәселені ерікті түрде шешпесе, көлік иесі сақтандыру омбудсменіне немесе сотқа жүгіне алады.
Егер сақтандыру компаниясы төлемнен толық немесе ішінара бас тартуға негіз бар деп санаса, ол жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге себептері негізделген жазбаша шешім жіберуі тиіс. Мұндай шешімде сақтандыру омбудсменіне жүгіну құқығы да көрсетілуі керек.
Бұл ретте сақтандыру компаниясы бас тарту үшін өз бетінше негіздеме ойлап таба алмайды.
Заңда сақтандырушының "МАҚЖ туралы заңның 29-бабында көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға құқығы жоқ" екені тікелей көрсетілген.
Сақтандыру компаниясының үстінен қайда шағымдануға болады?
Алғашқы қадам ретінде тікелей сақтандыру компаниясына жазбаша өтініш жолдауға болады.
Сақтандырушы дау бойынша өтінішті қарауға және бес жұмыс күні ішінде оны одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге міндетті.
Егер мәселе шешілмесе, көлік иесі сақтандыру омбудсменіне немесе сотқа жүгіне алады. Бұл құқық заңда тікелей қарастырылған.
Тағы бір нұсқа - E-Otinish жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіну.
Өтінішке сақтандыру полисін, ЖКО туралы құжаттарды, сақтандыру төлеміне өтінішті, сақтандыру компаниясымен хат алмасуды, төлемнен бас тарту туралы шешімді және сақтандыру жағдайына қатысты басқа да құжаттарды қоса беруге болады.
2025 жылы қазақстандықтар сақтандыру компанияларының үстінен қанша шағым түсірді?
Уәкілетті органның мәліметінше, 2025 жылы сақтандыру ұйымдарына жеке және заңды тұлғалардан 2 440 шағым түскен.
Жиі кездесетін шағым себептерінің арасында:

сақтандыру шарттарын бұзу және сақтандыру сыйлықақысын қайтару;
залалды бағалаумен, калькуляциямен және төлем есебімен келіспеу;
сақтандыру төлемінен бас тарту немесе оны төлеуден жалтару;
өтініштерді қарау және сақтандыру төлемдерін жүргізу мерзімдерінің бұзылуы;
жекелеген сақтандыру компанияларының сайттарында МАҚЖ шартын жасасудың мүмкін еместігі.

Агенттік төлемнен бас тартуға қатысты шағымдардың басым бөлігі көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен және автокөлікті ерікті сақтандырумен (КАСКО) байланысты екенін атап өтті.
Сақтандыру компаниясы омбудсмен шешімін орындамаса не істеу керек
Сақтандыру омбудсменінің шешімін сақтанушы қабылдаған жағдайда, ол сақтандыру компаниясы үшін орындалуы міндетті.
Егер сақтандырушы шешімді белгіленген мерзімде орындамаса, омбудсмен үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға тиіс.
Сақтандыру омбудсменінің шешімін алғаннан кейін сақтанушы, пайда алушы немесе сақтандыру компаниясы сотқа жүгіне алады. Бұл ретте көлік иесінің өзі үшін омбудсмен шешімі міндетті болып саналмайды.
Көлік иесі не істеуі керек: негізгі қадамдар
ЖКО-дан кейін ең бастысы - сақтандыру компаниясына уақтылы хабар беріп, құжаттардың толық пакетін тапсыру. Құжаттардың қабылданғаны туралы растаманы сақтап қойған абзал.
Егер сақтандыру компаниясы құжаттардың толық еместігін айтса, нақты не жетіспейтінін көрсетуі тиіс. Толық пакетті алғаннан кейін 15 жұмыс күні өтіп, төлем жасалмаса, тұрақсыздық айыбын талап етуге болады.
Келесі қадам - сақтандыру компаниясына жазбаша шағым түсіру. Егер мәселе шешілмесе, көлік иесі сақтандыру омбудсменіне, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе сотқа жүгіне алады.
Адвокат Абзал Қасымжановтың сөзінше, төлемнің кешіктірілуі сақтандыру компаниясын міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

"Сақтандырушы төлемді негізсіз неғұрлым ұзаққа созса, оның зардап шегуші алдындағы қаржылық жауапкершілігінің сомасы соғұрлым арта береді".

Сақтандыру полисі жоқ жүргізуші жол апатына себеп болса, шығынды кім өтейді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus