Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда “Дайвинчикке“ тыйым салынды

Қазақстанда Telegram мессенджеріндегі танымал "Дайвинчик знакомства" сервисі заңсыз деп танылып, оның жұмысына тыйым салынды, деп хабарлайды Tengri Life.
Бұғаттау туралы не белгілі?
Тиісті шешімді аудан прокурорының талап арызы бойынша Алматы қаласының Алатау аудандық соты шығарды. Сот тыйымының негізгі себептері ретінде пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерінің жоқтығы және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне төнген қатер көрсетілген.

"Сот шешімдері орындау үшін уәкілетті органға жолданды. Қазақстанның Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мәліметтер беруге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген біздің сауалымызға берілген жауапта.

Анықтама: "Дайвинчик" - бірнеше жыл бұрын "ВКонтакте" желісіндегі аттас паблик ретінде жұмысын бастаған танымал танысу жобасы. Кейінірек оның негізінде Telegram-бот жасалып, бүгінде оған 17 миллионнан астам адам жазылған. Сервис әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді белсенді пайдаланатын жасөспірімдер, студенттер мен жастар арасындағы бейресми қарым-қатынасқа арналған ең ауқымды платформалардың біріне айналды. Сонымен қатар аудиторияның едәуір бөлігі - кәмелетке толмаған пайдаланушылар. Бот классикалық танысу қосымшалары мен сайттарына балама ретінде қолданылып, өзара әрекеттесудің қарапайым механикасы мен анонимділікті ұсынады. Дегенмен, жоба пайдаланушыларды міндетті верификациялаудан өткізбейді, бұл фейк аккаунттардың пайда болуы мен алдау жағдайларының туындау қаупін тудырады.
Ботқа не себепті тыйым салынды?
Сот кабинетінің материалдарына сүйенсек, Алатау ауданының прокуратурасы құқыққа қайшы контентті анықтау мақсатында интернет-кеңістікке мониторинг жүргізген. Қадағалау органының назарына аудиториясы 16 миллионнан астам тіркелген пайдаланушыны құрайтын "Дайвинчик знакомства" Telegram-арнасы іліккен.
Тексеру нәтижесінде сервистің ешқандай жас шектеуінсіз жұмыс істегені және адамдардың кең ауқымына қолжетімді болғаны анықталды. Платформада балалар мен жасөспірімдердің сауалнамалары еркін орналастырылған, бұл жасты сәйкестендіру және сүзгіден өткізу жүйелерінің мүлдем жоқтығын дәлелдеді.
Сотта прокуратура өкілі платформаның бақылаусыз жұмысы нақты қылмыстарға әкеп соқтырғанын атап өтті. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған А. (2007 жылы туған) есімді азаматтың 2025 жылдың сәуір айында "Дайвинчик" арқылы күдікті Н.-мен танысып, кейін онымен жыныстық қатынасқа түскендігі бойынша қылмыстық істі тергеген.
Талап арызда боттың жұмысы балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретіні көрсетілген.

"Аталған мән-жайлар ресурстың жұмыс істеуі кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың жасалуына нақты қауіп төндіретінін, сондай-ақ Конституция мен "Бала құқықтары туралы" Заң талаптарына қайшы келетінін айғақтайды", - деп атап көрсетілген құжатта.

Әрі қарай не болды?
Сот шешіміне сәйкес, оны орындау екі мемлекеттік ведомствоға - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелді.
Сервис дәл қазір жұмыс істеп тұр ма?
Сот шешімді дереу орындауға бұйырғанына қарамастан, мұндай типтегі платформаларды техникалық бұғаттау әдетте уәкілетті органдар мен провайдерлер тарапынан уақытты қажет етеді.
Біз сервистің қазіргі қолжетімділігін тексеріп көрдік. Материал дайындалу кезінде "Дайвинчик" чат-боты әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып жатыр: жүйе пайдаланушылардың сауалнамаларын кедергісіз ұсынып, жаңа диалогтар бастауға мүмкіндік беріп тұр.
"Дайвинчик" Telegram-боты. Скриншот: редакция тілшісі
Қазіргі уақытта сервистің 14 миллионға жуық пайдаланушысы бар.
"Дайвинчик" Telegram-боты. Скриншот: редакция тілшісі
Оқиғаның мән-жайы
Еске сала кетейік, былтыр қазанда Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы Қазақстанда "Дайвинчиктің" жұмысын шектеу бойынша процестің басталғанын хабарлаған болатын.
Бұған "Дайвинчик знакомства" Telegram-арнасын тексеру себеп болды. Прокуратура сервистің жас шектеуінсіз жұмыс істейтінін, ал бұл ведомствоның пікірінше, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін мәлімдеген.

"Прокуратура сотқа аталған ресурстың жұмысын заңсыз деп тану және оның Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне тыйым салу туралы талап арыз түсірді", - деп хабарлаған еді прокуратура.

"Дайвинчиктің" Ресейдегі жағдайы
Айта кетейік, өткен айда Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Telegram мен "ВКонтакте" негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялайтынын хабарлаған. Ведомство ақпараты бойынша, Дуровқа Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1-бабы 1.1-бөлігі ("Террористік әрекетке жәрдемдесу") бойынша айып тағылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus