Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қызметтік ардагер-иттер жаңа иесін іздейді: олар 900 теңгеден сатылып жатыр

Шекара қызметіне тиесілі қызметтік иттер саудаға шығарылды. Бір жануардың бағасы мың теңге көлемінде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Электрондық сауда порталында 7 қызметтік итке қатысты лот жарияланды. Мысалы, Матео есімді неміс овчаркасы. Оны бағаны төмендету әдісімен өтетін сауда-саттықта 935 теңгеге сатып жатыр.
Оның жасы 10-да. Ит ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментіне тиесілі.
Саудаға шығарылған Матео есімді ит. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Ал ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің теңгерімінде 6 ит бар. Олар да саудаға шығарылды. Есімдері – Майк, Майло, Миг, Мэл, Мансур, Маис. Олар шығыс еуропалық және неміс овчаркалары.
Саудаға шығарылған иттер. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Барлығының жалпы бағасы – 11 552 теңге. Сауда-саттық 18 тамызда бағаны көтеру әдісімен өтеді.
Жануарларды Қорғаныс министрлігі жанындағы "Қазарнаулыэкспорт" кәсіпорны сатып жатыр.
Иттердің сатылу себебі неде?
"Қазарнаулыэкспорт" өкілдері жануарларды сатуға қатысты бұған дейінгі жағдайларда қызметтік иттер мемлекеттік мүлік екенін, сондықтан кинологтар қызмет мерзімі аяқталған соң оларды жай ғана үйлеріне алып кете алмайтынын түсіндірген болатын.
Саудаға шығарылған иттер 9–10 жасқа келген және бұдан былай жұмысқа жарамсыз. Кәсіпорынның мәлімдеуінше, егер оларды жаңа иелеріне өткізу мүмкіндігі болмаса, жануарларды ұйықтатуға (өлтіруге) тура келер еді.
Сауда-саттықтағы төмен баға иттердің қызмет мерзімін өтеп, өз ресурсын тауысқандығымен түсіндіріледі. Сатылымға шығар алдында олардың құны ресми түрде бағаланады.
Бұл ретте "Қазарнаулыэкспорт" басты мақсат – иттердің өмірінің соңына дейін бағып-қағатын иелерді табу екенін атап өтті. Көбіне жануарларды олармен бірге жұмыс істеген бұрынғы кинологтар мен ветеринарлар сатып алады.
Кәсіпорын өкілдері шекарашылардың өздері қызметтік иттерін алып кету үшін аукцион күндерін алдын ала сұрап, қызығушылық танытқанын қоса кетті.

"ҰҚК шекарашыларының өздері бізге хабарласып: "Сауда-саттық қашан болады?" – деп сұрап жатты. Бұл иттер олар үшін өз баласындай болып кеткен. Қазір оларды сатып алып, ақыры үйлеріне алып кететін болғандарына қуанып жүр. Біз иттердің тірі қалғанын қаладық. Елестетіп көріңізші, егер 50-60 жануарды жай ғана ұйықтатып тастаса не болар еді? Оларды тегін асыраудың басқа жолы жоқ және болуы да мүмкін емес, өйткені олардың орнына жаңа, жас иттер келеді, ал кәрілері штаттан шығарылады", – деп мәлімдеді кәсіпорындағылар.

Иттерді қызметкерлерге тегін бере салуға болмайды – бұл мемлекет мүлігін заңсыз иемдену болып саналады. Сондықтан сауда-саттық үй жануарларын үйге алып кетудің жалғыз заңды жолына айналды.
Еске сала кетейік, жыл басында қызметтік иттер 900 теңгеден сатылған болатын. Ол кезде ҰҚК Шекара қызметі Қорғаныс министрлігінің құрылымдары арқылы қызметтік иттерді сатылымға шығарған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus