Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жеке сот орындаушысын көлігінің жанында күтіп тұрған: экс-полицей 15 жылға сотталды

Қостанайда бұрынғы полиция қызметкері жеке сот орындаушысына (ЖСО) шабуыл жасаған. Оған қатысты үкім шығып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотталушылар орындығында алимент бойынша берешегі бар және айыптау нұсқасы бойынша, сол қарызды өндірумен айналысқан сот орындаушысына шабуыл жасаған ер адам отырды.
Оқиға биыл ақпанда болған. Шабуылдан жеке сот орындаушысы Жансұлу Хамзина зардап шеккен. Тергеу мәліметінше, бұрынғы полиция қызметкері кездесуді алдын ала жоспарлаған: ол әйелді аңдып, көлікке отырғанын күткен де, салонға бірге кірген. Содан соң оның беті мен қолын нысанаға алып, бірнеше рет пышақ сұққан.
Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Бұрынғы полицейге Қылмыстық кодекстің 408-бабы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін жүзеге асыратын, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының және маманның өміріне қолсұғушылық" бойынша айып тағылды.

"Сотталушы ҚР ҚК-нің 408-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК-нің 46-бабына сәйкес, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді", - деп үкім кесті судья Жаннара Тілеубаева.

Сот шешімімен сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 10 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 215 421 теңге және 400 мың теңге көлемінде өкілдік шығындар өндіріледі.
Фото Tengrinews.kz
Бұған дейін ер адам көп жылдар бойы алимент төлеуден жалтарып келгені белгілі болған. Шабуыл жасалған сәтте оның қарызы 9 миллион теңгеден асқан. Алимент туралы іс Хамзинаның қолына тигенде, ол бұл бойынша белсенді жұмыс істей бастаған: алдымен сотталушы 5 тәулікке қамауға алынады, бірақ бұл оның қарызын өтеуге құлқын оятпады. Содан кейін сот орындаушысы қылмыстық жауапкершілік туралы ескерткен, бұл борышкердің ашуын туғызып, ол осындай қиянатқа барған көрінеді.
Қостанай облысында жеке сот орындаушысына шабуыл жасалды
Сот орындаушысына шабуыл 9 ақпанда кешке жасалған. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотта көліктің артқы орындығына жайғасқан сотталушы Жансұлу Хамзинаға пышақ сала бастағанын оқыған болатын. Жәбірленуші беті мен мойнын қолымен жауып, белсенді қарсылық көрсеткен. Соның арқасында ол ажалдан аман қалды, бірақ беті мен білегін пышақ тіліп кеткен.
Сотталушының өзі бұған дейін кінәсін толық мойындамаған болатын. Ол істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus