45 секундта күтпеген нокаут жасаған файтер UFC-мен келісімшартқа отырды
Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) Meta APEX спорт кешенінде Дана Уайттың үміткерлер сериясының (DWCS) 10-маусымы аясында турнир өтті.
Индонезиялық нокаутшының қарсыласы үндістандық файтер Мридул Сайкия болды. Жекпе-жек небәрі 45 секундта аяқталды.
Хасан алыс қашықтықтан оң жақ хук соққысымен қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққылар сериясымен жеңісті іліп әкетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFC (@ufc) жарияланымы
Нәтиже жарияланғаннан кейін әлемдегі ең мықты жекпе-жек лигасы UFC-дің басшысы Дана Уайт Билал Хасанның өнеріне тәнті болғанын және оған ұйыммен келісімшарт беретінін мәлімдеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFC Indonesia (@ufcindonesia) жарияланымы
DWCS деген не?
Дана Уайттың үміткерлер сериясы (DWCS) - 2024 жылы UFC лигасына қол қою үшін болашағы үміт күттіретін файтерлер мен таланттарды іздеу мақсатында 2017 жылы құрылған шоу.
DWCS арқасында промоушенмен келісімшартқа отырғандардың арасында аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Шон О’Мэлли (18-2) және жартылай ауыр салмақтағы экс-титул иегері Джамал Хилл (12-2) сияқты танымал спортшылар бар.
????????Снуп Дог былай дегенде: «Мынаған қараңдаршы, бұл UFC-дің болашақ чемпионы "Шугар" Шон О’Мэлли» ????????????Көріпкелдік десе дегендей ????Ол кезде Шон DWCS-тегі ешкім танымайтын есім еді ????pic.twitter.com/8VqqUepIcW— MMA EMPIRE ⚔️ (@LempireMMA) August 20, 2023Қазақстандық DWCS-те супернокаутпен UFC келісімшартына ие болды
DWCS арқылы келісімшарт алған UFC ростеріндегі файтерлер арасында жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Дияр Нұрғожай бар. Абсолют промоушенмен келісімшарт үшін өткен айқаста қазақстандық жойқын хайкик соққысымен поляк Бартош Шевчикті нокаутқа түсірді.
THE HEAD KICK LANDS ????Дияр Нұрғожай 8-аптаны ГҮРЛЕТІП аяқтады! [ #DWCS Сейсенбі сайын @ESPNPlus арнасында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ | 8pmET/5pmPT ] pic.twitter.com/nmrEWz5M9D— UFC (@ufc) October 2, 2024
Барлық жекпе-жек аяқталғаннан кейін UFC басшысы Дана Уайт америкалық промоушенмен келісімшартқа қол қоятын файтерлер қатарында Нұрғожайды ерекше атап өтті.
???????? Дияр Нұрғожай — келісімшартқа ие болған соңғы қатысушы ???? #DWCS pic.twitter.com/IU7EODXCzu— UFC Español (@UFCEspanol) October 2, 2024
Дияр Нұрғожай UFC-дегі нокауты үшін қомақты ақша таптыҚазақстандық балуан UFC лигасында қарсыласын нокаутқа түсірді