Рыбакина US Open чемпионын жеңгеннен кейін бірінші орын туралы пікір білдірді
Қазақстандық теннисші Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында жапониялық Наоми Осаканы жеңіп, осы турнирдегі былтырғы нәтижесін қайталады.
Келесі кездесудегі жеңіс Рыбакинаға әлемдік рейтингте Соболенкоға жақындауға мүмкіндік береді, ал турнирде жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы атағынан небәрі 4 ұпай ғана қалыс қалады.
– Әлемдік рейтингтің бірінші сатысы туралы ойлайсың ба? – деп сұрады Рыбакинадан Осаканы жеңгеннен кейін.
"Сіздер бұл туралы менен үнемі сұрайсыздар. Мен бұл туралы тек осы сұрақ қойылғанда ғана ойлана бастаймын. Жоқ. Мен тек бүгінгі күнмен өмір сүремін және әрбір нақты ойынға назар аударуға тырысамын. Рейтингке қарамаймын және оны бақыламаймын. Мен үшін қазір матчтен матчке алға жылжып, титулдарды жеңіп алу маңызды", - деді қазақстандық спортшы.
Рыбакина Торонтода Наоми Осаканы жеңгеннен кейін Андреа Петкович пен Марк Петчиге берген сұхбатында"Сіз №1 рейтинг туралы ойлайсыз ба?"Елена: "Жоқ, сіздер мұны үнемі сұрайсыздар. Тек сіздер сұрағанда ғана бұл туралы ойлауға тура келеді ????????????????. Жоқ. Мен жай ғана қазіргі сәтте қалып, тырысып жатырмын..."pic.twitter.com/zdCZ6u68ji
— The Tennis Letter (@TheTennisLetter) 12 тамыз, 2026 жыл
Рыбакина камбэк жасап, Соболенкоға жақындай түсті
Еске сала кетейік, Торонто турнирінің 1/4 финалында Елена Рыбакина бірінші сеттен кейін 2018 және 2020 жылғы US Open чемпионына есе жіберіп жатқан болатын. Қазақстандық екінші партияны тек тай-брейкте алды, бірақ үшінші сетте сенімді жеңіске жетті.
Осы жеңістің арқасында әлемдік рейтингтегі Рыбакина мен Соболенконың арасындағы айырмашылық 614 ұпайға дейін қысқарды.
Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Кори Гауффпен (рейтингтің 4-ші нөмірі) кездеседі.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің жартылай финалына шықты