Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

30 тамыз - жұмыс күні ме, демалыс па: 2026 жылы не өзгерді?

Көптеген қазақстандық биыл 30 тамыз неге демалыс күні болмайтынын сұрап жатыр. Tengri Life бұл жағдайдың себебін және қазақстандықтар тамызда неше күн демалатынын баяндайды.
Неге 30 тамыз енді демалыс емес?
Біздің WhatsApp нөмірге оқырман сауал жолдап, 2026 жылдың 30 тамызы неге демалыс болмайтынын сұрады.

"Бұрын бұл күні Конституция күнін тойлайтынбыз. Неге енді 30 тамыз жұмыс күніне айналды?" - деп сұрады ол.

Бұрын Конституция күні 30 тамызда атап өтілетін - дәл осы күні 1995 жылы республикалық референдумда ел Конституциясы қабылданған болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болып, ресми демалыс күні саналатын.
Бірақ 2026 жылдан бастап Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі. Сондықтан 30 тамыз бұдан былай мерекелік күн болып саналмайды және бұл күні қосымша демалыс болмайды.2026 жылы тамызында қанша демалыс күні болады?2026 жылы тамызда қосымша мерекелік демалыстар қарастырылмаған.
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтарды 10 демалыс және 21 жұмыс күні күтеді. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
Фото: depositphotos.com. Иллюстрация: Tengrinews.kz / Жандарбек МанарбековТамызда қандай даталар атап өтіледі?
Тамызда Қазақстанда бірнеше атаулы күн мен кәсіби мерекелер атап өтіледі.

тамыздың бірінші жексенбісі - Теміржол көлігі қызметкерлері күні;10 тамыз - Абай күні;тамыздың екінші жексенбісі - Құрылысшылар күні;тамыздың үшінші жексенбісі - Спорт күні;18 тамыз - Шекарашылар күні;29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;тамыздың соңғы жексенбісі - Шахтерлер күні.

Бұл күндер ресми демалыс болып саналмаса да, олардың кейбірінің құрметіне елімізде дәстүрлі түрде тақырыптық іс-шаралар, концерттер, көрмелер мен салтанатты жиындар өткізіледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus