Сәтпаев “Челсиден“ кете ме? Қазақстандыққа таласта фаворит аталды
Құқығы лондондық "Челсиге" тиесілі 17 жастағы футболшы Хаби Алонсоның негізгі құрамына ілікпей қалу қаупі бар. БАҚ мәліметінше, қазір команда сапында 41 футболшы бар, ал бапкерге ФИФА регламентіне сәйкес 25 ойыншыға дейін қысқарту қажет.
Сәтпаевтың қысқартуға ұшырайтыны туралы ресми растау жоқ, алайда "Челсиде" тек сол жақ вингер позициясында Гиттенс пен Мудрик бар, ал лондондықтардың жалпы шабуыл шебі тым көп көрінеді.
Сәтпаев үшін нұсқалар
Кейінгі аптада ағылшын тілді БАҚ-та АПЛ-ға жолдама алған "Халл Сити" клубы Сәтпаевқа қызығушылық танытқаны туралы ақпарат пайда болды. Мұндай командада жас қазақстандыққа негізгі құрамнан орын табылу ықтималдығы жоғары.
Бұл ретте, көптеген дебютант сияқты, "Халл" матчтерде қорғанысқа сүйеніп ойнайды, ал мұндай қарсы шабуылға негізделген ойын үлгісі Дастанға Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" сапындағы Чемпиондар лигасындағы ойындардан таныс.
???? EXCLUSIVEHull City have made a move to sign Dastan Satpayev on loan from Chelsea. The Blues are looking to send the teenager out this season, and was earmarked for Strasbourg. pic.twitter.com/DCsTB0XpPp
— The Sportzine (@TheSportzine) 8 тамыз, 2026 жыл
Басқа медиа ресурстар "Халлға" қатысты ақпаратты жалған деп атап, қазақстандық үшін басты фаворит француздық "Страсбур" болатынын алға тартады. Бұл команда "Челсимен" бір иелікте, сондықтан лондондықтарға тиесілі көптеген футболшы осы клуб арқылы өтеді.
"Өкінішке қарай, "Халл Ситидің" Дастан Сәтпаевқа қызығушылығы туралы қауесет шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта оны жалға алу бәсекесінде француздық "Страсбур" алда келеді", - дейді Scout of Eurasia.
???? EXCL: Unfortunately, Hull City’s interest in Dastan Satpayev is not true. French side Strasbourg are currently leading the race for a loan deal. pic.twitter.com/l1VVQpvYTc
— Scout in Eurasia (@ScoutEurasia) August 10, 2026
Сондай-ақ Дастан үшін жасына байланысты тағы бір нұсқа бар - "Челсиде" қалып, жастар құрамы арқылы негізгі командадан орын алуға тырысу. Өткен маусымда лондондық клубтың 18 жасқа дейінгі және 21 жасқа дейінгі командалары Англия чемпионатын жеңіп алды, Сәтпаев солардың біріне ілігуі мүмкін еді.
Сәтпаев "Қайратқа" оралуы мүмкін
Сәтпаевтың мансабына қатысты БАҚ-та тараған тағы бір нұсқасы - "Қайратқа" оралу ықтималдығы. Дереккөз мәліметінше, "Челси" Дастанды еурокубоктарда көбірек ойын тәжірибесін жинауы үшін бұрынғы клубына жалға беруі мүмкін.
"Егер алматылықтар "Левскиді" жеңіп, кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алса, Сәтпаевтың Қазақстанға уақытша оралу ықтималдығы айтарлықтай артады", - деп хабарлайды БАҚ.
Еске сала кетейік, "Челси" 2026/2027 маусымында халықаралық аренада ойнамайды, ал "Қайрат" қазірдің өзінде Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдаманы қамтамасыз етіп қойған.
Хаби Алонсо Сәтпаевқа сенеді және ол туралы баспасөз мәслихатында айтты
Айта кетейік, маусымда Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапында соңғы ойындарын өткізсе, шілдеде "Челсидің" алғашқы ашық маусымашар ойынына негізгі құрамда шығып, бірден гол соқты.
Осыдан кейін бапкер оны төрт матчтің үшеуінде кемінде бірнеше минутқа шығарды: "Тоттенхэммен" - 20 минут, "Ювентуспен" - 30 минут және "Джохормен" - 7 минут.
Бұл ретте Алонсо Дастанды шабуылдаушы актив қатарына қосып, осылайша Сәтпаев оның жоспарында бар екенін атап өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы
Айта кетейік, 15 тамызда "Челси" маусым алдындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізеді, ал 25-іне қараған түні Англия Премьер-лигасында "Фулхэмге" қарсы ойнайды. Сол уақытқа дейін қазақстандықтың болашағы белгілі болып қалар.
“Тәртіп еркіндік береді“: “Челси“ бапкері Сәтпаев туралы пікір білдірді
“Жыртылған алаң“: Канье Уэсттің кесірінен “Қайрат“ Түркістанда қандай қиындыққа тап болады?