Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ІІМ Қазақстанда жүргізушілерді бақылау күшейтілетінін ескертті

Қазақстан ІІМ жүргізушілерге үндеу жасап, жол қозғалысын цифрлық технологиялар көмегімен бақылау күшейтілетінін ескертті, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, жол жүру ережелерін бұзуды анықтауға, қауіпті жағдайларға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға полиция қызметкерлеріне дронсыз ұшу аппараттары, патрульдік көліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері мен лазерлік кешендер көмектеседі.

"Мәселен, ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысын қадағалауды қамтамасыз етеді. Енді "жылдам жүруді ұнататындар" мен жол ережесін өрескел бұзушылар жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды, себебі заң бұзушылықтар әуеден тіркеледі. Дегенмен, ең алдымен, дрондардың көмегімен заңбұзушылықтарға жедел әрекет ету азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Тағы бір көмекші құрал – патрульдік көліктердегі мобильді кешендер. Көлік ағынында белгіленген жол ережелерін бұзу жағдайларын тіркеу оңай. Мысалы, ұялы телефонды пайдалану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу сияқты жайттар назардан тыс қалмайды. Ал қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдықты асыруды ұнататындар үшін орташа жылдамдықты бақылау жүйесі қолданылады. Ол көлік құралының қозғалысына талдау жасайды. Қазір бұл жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін лазерлік жүйелер де қолданылады. Олар әсіресе түнгі уақытта, қолайсыз ауа райында және рөлде ұйқысы келіп отырған жүргізушілерді сергіту үшін өте тиімді. Цифрлық технологиялармен қатар, жолдарда жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жүргізушілер жылдамдықты азайтып, ден қойып, жинақы түрде қозғалысын жалғастыруы үшін жасалады", - деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, бұл шаралардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және жолдардағы апаттылық деңгейін төмендетуге бағытталған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus