Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда торғайлар расымен азайып кетті ме? Орнитолог жауап берді

Алматылықтар қаланың кей аудандарында торғайлар, шымшықтар мен басқа да үйреншікті құстардың азайғанын, есесіне майналардың жиі кездесетінін байқаған. Тұрғындар бұл өзгерістерді, тіпті көбелектер мен аралардың азаюын да осы "жаңа қоныстанушылардың" пайда болуымен байланыстырады. Tengri Life орнитологтан майналармен күресудің қажеті бар-жоғын және мегаполис фаунасының шын мәнінде не себепті азайып бара жатқанын сұрап білді.
"Құс терроршылары" аулаларды жаулап жатыр ма?
Әлеуметтік желілерде алматылықтар қала фаунасындағы айтарлықтай өзгерістерді талқылап жатыр. Тұрғындардың айтуынша, кей аулаларда торғайлар, шымшықтар, кептерлер мен сауысқандар азайып, керісінше, ауған майналары жиі кездесе бастаған.
Алматы тұрғындарының бірі мұндай өзгерістерге майналар санының артуы себеп болуы мүмкін деп болжайды. Оның айтуынша, ол бұл құстардың торғайларға қатысты агрессивті мінез-құлқын да байқаған.

"Менің бақылауымша, ауған майналарының саны күрт өсті, ал торғайлар популяциясы іс жүзінде жойылып кетті. Сондай-ақ шымшықтар, кептерлер мен сауысқандардың саны да айтарлықтай азайды. Майналардың торғайларға агрессия көрсетіп, шабуыл жасағанын өз көзіммен көрдім. Бұдан бөлек, аралар, көбелектер мен өзге де тозаңдандырғыш жәндіктердің саны да азайған", - деп бөлісті жазба авторы.

Жарияланым авторы қалада орнитологиялық және экологиялық тексеру жүргізуге шақырды.
Скриншот: Threads
Пікір қалдырушылардың ойы екіге жарылды. Кейбір қолданушылар өзге құстардың жоғалуына майналарды кінәлап, оларды "терроршы құстар" деп атайды. Басқалары бұл мәселенің ауқымы кеңірек екеніне және ең алдымен қалалық ортаның жай-күйіне байланысты екеніне сенімді.

"Бұрын балконға шықсаң - қарлығаштар ұшып жүретін, торғайлар шықылықтайтын, тіпті ыңғай болса жарқанаттар да көрінетін. Ал қазір тек қоқыс ақтарған ауғандықтар (майналар) мен жауыз құстар ғана қалды"
"Ауған қараторғайлары бәрін қырып бітірді. Бұл нағыз құс терроршылары"
"Бізде Қаскелеңдегі бес қабатты үйдің шатыры соларға толы. Шатырдағы көгершіндердің бәрін құртты! Балконға шықса, мысығыма да шабуылдайды"
"Жексұрын құстар, торғайлар мен шымшықтарды аяймын. Экология қатты бұзылды. Менің бала кезімде Алматыда бәбісектер өте көп болатын, топ-тобымен ұшып жүретін. Қалада бәбісек көргендеріңізге көп болды ма? Қазір оларды тіпті Қапшағайдан да көрмеймін"

Орнитолог не деді?
Орнитолог Виктория Ковшарьдың айтуынша, майналар шынымен де басқа құстармен ресурстар үшін бәсекелесуі мүмкін, бірақ олардың әсерін асыра бағалаудың қажеті жоқ.

"Олар шымшықтар мен торғайлардың санына әсер етуі мүмкін, бірақ ашығын айтсақ, бұл соншалықты көп емес. Бұл - құстардың әртүрлі түрлері арасындағы жай ғана бәсекелестік, бар болғаны осы", - деп түсіндірді орнитолог.

Яғни, түрлер арасындағы бәсекелестіктің өзі - табиғи процесс. Сарапшының пікірінше, майналарды торғайлар мен шымшықтар санының азаюының басты себебі деп атау дұрыс емес.
Ал аралар мен көбелектерге не болды?
Тозаңдандырғыш жәндіктердің азаюын да майналармен байланыстыруға болмайды.
Ковшарьдің сөзінше, мұндағы басты рөлді адам әрекеті атқарады. Атап айтқанда, бұл жасыл желектерді химиялық өңдеу мен ауаның ластануына қатысты.

"Тозаңдандырғыш жәндіктердің санына әртүрлі жасыл желектерді үнемі химиялық өңдеуден өткізу және шексіз автопарктің кесірінен ауаның газдануы әсер етеді - бізде тозаңдандырғыш жәндіктердің азаюына нақты осы себеп болды", - деді сарапшы.

Демек, аралар мен көбелектердің жойылуы - бұл майналардың пайда болуына теліп қоюға болмайтын жеке экологиялық мәселе.
Майналармен күресу керек пе?
Сарапшының қысқаша жауабы: жоқ.
Виктория Ковшарьдың айтуынша, Алматыда майналардың санын қолдан азайтуға тырысу нәтиже бермейді, әрі бұл өзге түрлердің жойылу мәселесін шешпейді.

"Қалада майналардың санын реттеудің мүлдем қажеті жоқ, өйткені бұл - бос әурешілік. Бізден оңтүстікке қарай орналасқан Бішкек, Ташкент және басқа да көптеген қалада майналар Алматыдан кем емес. Яғни, бұл - көбею әлеуеті жоғары, агрессивті әрі мықты құс, оларды реттеу мүмкін емес, тіпті бұл іспен айналысудың да керегі жоқ", - деп атап өтті ол.

Маманның пікірінше, қаланың неліктен үйреншікті құс түрлерінің өмір сүруіне жарамсыз болып бара жатқанын анықтау әлдеқайда маңызды.
Басты мәселе майналарда емес, қалалық ортада
Алматыда құстар жем тауып, паналап және көбеюіне қолайлы жағдай жасайтын учаскелер азайып барады. Құрылыс нысандары, асфальт және жасыл желектердің азаюы қала фаунасына тікелей әсер етеді.
Орнитолог қара сайрақты мысалға келтірді. Бұл түр үшін құс жем таба алатын ашық, суарылатын көгалдар өте маңызды.

"Майнаны сарышымшықтардың, торғайлардың және тағы басқа құстардың санының өзгеруіне кінәлаудың қажеті жоқ, яғни құстар санының азаюына майналар себеп емес. Көбінесе құстардың басқа түрлерінің азаюына қаланың олардың мекендейтін ортасын барған сайын көбірек жойып жатқандығы себеп болады. Мысалы, сол қара сайраққа жем іздейтін ашық суарылатын көгалдар және тағы басқа жерлер міндетті түрде қажет. Біз қала орталығының бәрін бетон мен асфальтқа орап тастап, ол жерде табиғатта тіршілік ететін құстардың өмір сүргенін қалаймыз. Бұлай болмайды", - деп түсіндірді орнитолог.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында сирек кездесетін құстар байқалды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus