Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтарға жұмыста жаңа талаптарды сақтауға тура келеді

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстандағы қызметкерлер үшін жұмыс орнында киберқауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жаңа міндет енгізіледі. Тиісті өзгерістер өзгерістер цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу туралы заң аясында Еңбек кодексіне енгізілді, деп хабарлайды Tengri Life.
Түзетулер қызметкерлерге де, жұмыс берушілерге де қатысты болады. Егер бірінші тарап киберқауіпсіздік талаптарын орындауға міндеттелсе, екінші тарап қызметкерлерді ішкі ережелермен таныстырып, олардың сақталуын бақылауы тиіс.
Бұл ретте заң аталған талаптарды бұзғаны үшін жеке айыппұл немесе жауапкершіліктің жаңа түрлерін қарастырмайды. Ереже бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнама нормалары қолданылады.
Қызметкерлерге арналған жаңа міндет
25 тамыздан бастап Еңбек кодексінің 22-бабы жаңа талаппен толығады. Енді қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ғана емес, киберқауіпсіздік талаптарын да сақтауға міндетті.
Іс жүзінде бұл жұмыс берушінің цифрлық жүйелерді, корпоративтік сервистерді қауіпсіз пайдалану және ақпаратты қорғауға қатысты ішкі ережелерін сақтау туралы болып отыр.
Жұмыс берушілер үшін де жаңа міндеттер пайда болады.

"Жұмыскерлерді жұмыс берушінің киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі актілерінің талаптарымен таныстыру және олардың орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру", - делінген Еңбек кодексінде.

Бұл ұйымдардың ішкі құжаттарын тексеріп, қажет болған жағдайда киберқауіпсіздік бойынша ішкі ережелерді әзірлеуі немесе жаңартуы, қызметкерлерді олармен таныстыруы және орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек дегенді білдіреді.
Жұмыс берушілер үшін не өзгереді?
Түзетулер күшіне енгеннен кейін жұмыс берушілер ішкі құжаттарды жаңа талаптарға сәйкес келтіруі қажет.
Енді ұйымдар киберқауіпсіздік талаптары жазылған актілерді әзірлеп қана қоймай, қызметкерлерді олармен ресми түрде таныстыруға, сондай-ақ осы ережелердің сақталуына ішкі бақылау ұйымдастыруы тиіс.
Бұл ретте жаңа талаптарды сақтамағаны үшін заңда арнайы санкциялар қарастырылмаған. Бұрынғыдай, жауапкершілік қолданыстағы заңнама аясында жүктеледі.
Жаңа нормалар заң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Киберқауіпсіздік туралы ережелер үшін бұл мерзім 2026 жылғы 25 тамызға сәйкес келеді.
Тағы оқыңыз: 140 күн: министрлік еңбек демалысы қаншаға созылуы мүмкін екенін айтты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus