Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БЖБ мен ТЖБ жойыла ма? Қазақстанда мектеп оқушыларын бағалаудың жаңа ережелері ұсынылды

Қазақстанда мектеп оқушыларының үлгерімін бағалау ережелерін өзгерту ұсынылды. Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда үйреншікті БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартуды көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Tengri Education.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жария талқылауға шығарылды.

Оқушылар үшін не өзгереді?
Егер жоба қабылданса, жаңашылдықтар 2-4-сынып оқушыларына қатысты болады.
Қазіргі уақытта мектеп оқушылары жиынтық бағалаудан - БЖБ мен ТЖБ-дан өтеді. Алайда министрлік оны басқа жүйемен алмастыруды ұсынып отыр. Жиынтық бағалаудың орнына қалыптастырушы бағалауды, сондай-ақ тақырыптық және қорытынды бақылауды енгізу жоспарланып отыр.

"2–4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау қалыптастырушы бағалау, тақырыптық және қорытынды бақылау арқылы жүзеге асырылады", - делінген құжатта.

Бұл ретте 5–11 (12)-сынып оқушылары үшін қалыптасқан жүйе айтарлықтай өзгермейді. Олар қазіргідей қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан (БЖБ және ТЖБ) өтеді.
Тоқсандық баға қалай қойылады?
Білімді тексеру әдістері өзгергенімен, тоқсандық баға сақталады.

"Тоқсандық бағалар бағалау нәтижелері негізінде қойылып, білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтілген құжатта.

Басқаша айтқанда, қорытынды баға бұрынғысынша білімді бақылау нәтижелеріне байланысты болады. Тек 2–4-сынып оқушыларын бағалау тәсілі өзгереді.
Неге жүйені өзгерту ұсынылды?
Оқу-ағарту министрлігі бұйрық жобасына түсіндірмеде бұл өзгерістер білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру, білім сапасын бағалауда объективті, ашық және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Бұл ретте құжатты әзірлеушілер бұйрықты қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе өзге де салдарға әкеп соқтырмайды деп есептейді.
Қазіргі уақытта жоба қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 2026 жылғы 21 тамызға дейін жалғасады, содан кейін оны бекіту немесе өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданады.
Айта кетейік, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пәндер мен курстар пайда болады. 5–7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. 8–11-сыныптарда "Заң және тәртіп" міндетті курсы оқытылады. Сонымен қатар 5–11-сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік" міндетті курсы енгізіледі.
Тағы оқыңыз: Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер пайда болады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus