Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран Парсы шығанағы елдеріне соққы жасау шартын атады

Иран Парсы шығанағындағы елдерге Тегеранға қарсы Америка тарапынан агрессия болған жағдайда, олардың энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы аймақтағы дереккөздерге сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Иранның ескертуі анық болды: егер АҚШ Иранның инфрақұрылымына соққы жасаса, ол Парсы шығанағындағы аса маңызды энергетикалық нысандар мен басқа да аймақтық нысаналарға соққы жасаумен жауап қайтарады", - деп келтіреді агенттік өз сұхбаттастарының бірінің сөзін.

Жоғары лауазымды дипломаттың айтуынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Вашингтонның Парсы шығанағындағы одақтастарын АҚШ президенті Дональд Трампты соққыларды қайта бастаудан бас тартқызу үшін оған ықпал етуге шақырған көрінеді.
Осы дереккөздің мәліметінше, Аракчи Иранның жауап шараларына дайын екенін, бірақ дипломатиялық шешім іздеуді аймақтағы шиеленістің өршуіне жол бермеудің ең жақсы жолы деп санайтынын бірнеше рет баса айтқан.
Бұған дейін Иран армиясының "Хатам әл-Анбия" орталық штабының қолбасшысы генерал-майор Әли Абдоллахи де Таяу Шығыс елдеріне үндеу жолдап, оларды АҚШ-пен жақындасудан сақтандырған болатын.
Жексенбіде, 2 тамызда, Трамп Ормуз бұғазын ашу мен ядролық бағдарлама бойынша уағдаластықтарды қамтитын реттеу туралы алдағы келісімге байланысты Иранға жасалатын шабуылдардан бас тартты.
New York Times дерегінше, бұл келісім бойынша Иран мен Оман 60 күн ішінде Ормуз бұғазын ашу туралы келісімге келуі тиіс. Осы уақыт ішінде АҚШ пен Иран ирандық уран қорының болашағы туралы келіссөздерді қайта бастауы керек.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus