Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сәтпаев “Ювентуске“ қарсы: Дастанның “Челси“ сапындағы үшінші матчі қалай өтті?

Лондондық "Челсидің" қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев туриндік "Ювентуске" қарсы матчте жаңа клубының намысын үшінші мәрте қорғауға шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Маусымалды турне аясындағы кезекті жолдастық кездесуін лондондық "Челси" туриндік "Ювентуске" қарсы өткізді. Матч Гонконгта өтті. Қазақстандық Дастан Сәтпаев команданың негізгі құрамына ілікпегенімен, 65-минутта ағылшын Джейми Байноу-Гиттенстің орнына алаңға шықты.Алаңда өткізген 25 минут ішінде Сәтпаев қақпаға 1 соққы бағыттап, 6 дәл пас берді. Оның ішінде 2 пас шабуыл аймағына бағытталған. Сондай-ақ ол 3 дуэльдің екеуінде жеңіске жетіп, 1 допты сәтті тартып алу әрекетін жасады. Танымал Flashscore статистикалық порталы қазақстандықтың ойынын 6,5 балға бағалады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы


"Челси" - "Ювентус" матчінің барысы
Кездесу 0:1 есебімен "Ювентустың" пайдасына аяқталды. Ойындағы жалғыз гол екінші таймда соғылды. Кездесудің 68-минутында түрік жартылай қорғаушысы Кенан Йылдыз косоварлық вингер Эдон Жегроваға пас берді, ол қақпаны дәл көздеп, командасын алға шығарды.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Juventus (@juventus) жарияланымы


"Челсидің" маусым алдындағы келесі матчтері
Лондондық клуб Аустралиядағы өнерін аяқтады. Енді команда Азияға аттанып, онда "Миланмен" (8 тамыз, Индонезия) және "Джохор Дарул Такзиммен" (9 тамыз, Малайзия) кездеседі.
Бұл матчтердің барлығы Қазақстан уақытымен 16:30 – 17:00-де басталады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы


“Челси“ “Ювентуспен“ ойын қарсаңында Сәтпаевқа қатысты шешімін жариялады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus