Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге 86 500 теңге айыппұл салынды

Ақтауда сауда нүктесінің иесіне тегін балмұздақ таратқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 1 тамызда 14-шағын ауданда болған. Кәсіпкер нысанның ашылу құрметіне балаларға 50 балмұздақ пен 30 йогуртты тегін таратқан.
Қалалық әкімдік өнімді тегін тарату үшін рұқсат алу қажет екенін мәлімдеді. Осыған байланысты бизнесменге айыппұл салынды.

"Біз кәсіпкерлердің бұл бағыттағы бастамаларына қарсы емеспіз. Алайда өнімді тегін тарату қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып жүргізілуі тиіс. Мұндай шараларды ұйымдастырмас бұрын жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алу қажет, сондай-ақ балаларды қуантудың басқа да қауіпсіз әрі заңды жолдарын қарастыру керек. Мұндай акциялар кезінде адамдардың жаппай жиналуы түрлі жағымсыз жағдайларға соқтыруы мүмкін", - деп атап өтті әкімдік.

Басылым өнімді тегін таратудың жиі кептеліс пен төбелеске себеп болатынын еске салды. Өткен жылдың 1 маусымында облыс орталығының Толқын-1 шағын ауданында балмұздақ пен тәтті мақтаны тегін тарату кезінде жұрт бір-бірін таптап кете жаздаған болатын.
2024 жылдың ақпан айында Жаңаөзенде азық-түлік тарату кезінде де осындай кептеліс болды.
2024 жылдың тамызында Маңғыстау облысында смартфондарға арналған құлаққаптарды, қаптар мен қорғаныс әйнектерін тегін тарату акциясы кезінде балалар жиналып, соның салдарынан кейбірі қысылып қалған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus