Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астана полициясы күшейтілген режимге көшеді

Астана полициясы күшейтілген режиміге көшті. Бұл елордада өтетін "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турниріне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция департаменті мәліметінше, ауқымды халықаралық спорттық шара Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Спортшылармен бірге бұл іс-шараға халықаралық делегациялар, жанкүйерлер мен туристер келеді деп күтіледі.
Осыған байланысты Астана Полиция департаменті күшейтілген режимде қызмет атқарады.

"Халықаралық іс-шараның барлық кезеңінде полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады", – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жарыс өтетін нысандардың маңында көлік қозғалысы реттеліп, кептелістердің алдын алу, арнайы көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді шаралар қабылданады. Осыған байланысты жекелеген көшелерде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Астана Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауға шақырады.
Анықтама: "Болашақ ойындары" (Games of the Future) – бұл цифрлық және физикалық белсенділікті біріктіретін халықаралық турнир. Алдымен спортшылар цифрлық форматта, мысалы, ойын приставкасында, компьютерде немесе мобильді құрылғыда бақ сынасады, содан кейін күресті физикалық форматта, мәселен, футбол алаңына шығып жалғастырады.
Еске салайық: биыл сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев интерактивті форматта "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирінің басталуына дейінгі кері санаққа старт берген болатын. Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен 100 мыңнан аса көрермен мен фиджитал-атлеттер келеді деп жоспарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus