Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

6-минуттағы гол және жанкүйерлер таңданысы: Сатпаевтың “Челсидегі“ дебюті қалай өтті?

Футболдан Қазақстан құрамасының жұлдызы Дастан Сәтпаев "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы жолдастық кездесуде "Челси" сапында дебют жасады. Tengri Sport қазақстандықтың ағылшын клубындағы алғашқы матчі қалай өткенін баяндайды.
Хаби Алонсо Сәтпаевты Аустралия мен Азия турына баратын ойыншылар тізіміне қосқанда, оны бірден алғашқы матчте-ақ алаңға шығарады деп ешкім ойламаған еді. Оның үстіне, негізгі құрамда.
Алайда Дастанның өзі мұндай жағдайға барынша дайын болған секілді. Ол алаңға шыққан алғашқы секундтардан бастап доптан қорықпай, ойынды өз қолына алды және небәрі 6 минуттан кейін дебюттік голын соқты.
Сәтпаевтың "Челси" сапындағы дебюті: қалай болды?
Қорғаушы Райан Кавума-Маккуин 17 жастағы қазақстандыққа пасты дәл шығарды, ол да сенімді ақтады: жақын бұрышты дәл көздеп, есеп ашты. Мұндай тамаша дебютті тек Ағылшын премьер-лигасы деңгейінде қайталағанда асып түсуге болатын шығар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы


Гол соққаннан кейін де Дастан тосылып қалған жоқ: допқа жиі иелік етіп, соққы бағыттап, пастар берді.











Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы


"Челсидің" шабуылы сәтті болғанымен, қорғаныста команда бірнеше қателік жіберді. Нәтижесінде бірінші таймның соңына қарай есеп 2:2 болды.
Екінші таймда Алонсо екі ауысым жасады, бірақ Дастан алаңда қалып, командаға пайдасын тигізе берді. Тек 63-минутта, "Челси" жұлдыздары Коул Палмер, Жоао Педро және Эстевао алаңға шыққан кезде қазақстандық ойыншы ауыстырылды.
Матч қорытындысы бойынша "Челси" 6:4 есебімен жеңіске жетті - қосалқы құрамнан шыққан Жоау Педро хет-трик жасады.
"Челси" жанкүйерлері Дастанды клубта қалдыруды сұрап жатыр
Әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарағанда, Дастанның ойыны команда жанкүйерлерін тәнті еткен. Қазақстан туы қойылған жүздеген пікір арасынан британдықтардың таңданысқа толы лебіздерін де көптеп кездестіруге болады.
Фото: instagram.com/chelseafc/

"Енді біздің өз Агуэромыз бар!";"Ол мықты ойыншы. Қорғаушының алдын орап өтіп, бірден екі адамды ойыннан шығарып жіберді"; "Мына жігіт, Сәтпаев, нағыз данышпан..."; "Бізге дәл осындай ойыншылар керек. Бірден іске көшті!"; "Осы маусымда ол біздің команданың құрамына енуі керек", - деп жазады олар әлеуметтік желілерде.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев небәрі 17 жаста, сондықтан команданың шабуыл шебіндегі бәсекелестіктің жоғары болуына байланысты "Челси" оны жалға беруі мүмкін деген болжам бар. Алайда Дастан өз ойыны арқылы клубқа осы маусымда-ақ көмектесе алатынын дәлелдеп жүр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Дастан Сәтпаев “Челси“ сапындағы дебютінде алғашқы голын соқты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus