Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Азғандай “пайданы“ алуға мүмкіндік береді: Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк инвестициялық алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтық схемасы

Әлеуметтік желілер, мессенджерлерджәне форумдарда теріс пиғылды адамдар инвестициялық компаниялардың атынан "токенделген алтынға", "асқан жоғары табысты жасанды интеллект әзірлемелеріне", "нейрожелі негізіндегі трейдер-роботқа" салынған қаражаттан кепілді табыс алу туралы хабарламалар таратып жатыр.

Алаяқтар өздерін қаржылық кеңесші ретінде таныстырып, "инвестициялық платформа" немесе "криптовалюта сервисіндегі" жоғары табыстылықтың жалған статистикасын көрсетеді және брокерлік немесе криптовалюта платформасының жасанды веб-сайтына тіркелуге көмектеседі. Мұндай сайттарда нақты инвестициялық қызметтің жалған көрінісі жасалады: графиктер, жасалған мәмілелер тарихы, жеке кабинет және қолдау чаты көрсетіледі.

Олар пайдаланушының сеніміне кіру мақсатында "пайданың" азғантай сомасын шығарып алуға мүмкіндік береді. Осыдан кейін олар "бірегей ұсыныс", "жоғары табыс" немесе "ерекше тиімді мәміле" деген сылтаумен ірі соманы салуға көндіреді. Пайдаланушының шотындағы қаражат көлемі айтарлықтай ұлғайған кезде, ақшаны шығару мүмкін болмай қалады. Осы тұста алаяқтар салықтарды, комиссияларды немесе сақтандыруды төлеуді талап етеді.

Схеманы шынайы етіп көрсету үшін алаяқтар мөрлері, қолдары және басқа да деректемелері бар жалған хаттар мен құжаттар жолдайды. Қосымша төлемдерді алғаннан кейін олар байланысты үзіп, платформаға кіру мүмкіндігін бұғаттайды.

Ұлттық банк ескертуі

Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңыраулар шалмайтынын еске саламыз. Сондай-ақ жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, пайлық инвестициялық қорларға және өзге де қаржылық өнімдерге ақша салуды ұсынбайды, ақшалай қаражатты сақтандырумен айналыспайды және халықпен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырмайды.

Егер сіз осындай алаяқтыққа тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына арызбен жүгініңіз.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің 1477 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығынан кеңес алуға болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus