Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда ыстыққа байланысты қашықтан жұмыс істеуге немесе кестені өзгертуге бола ма?

Еңбек министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтардың қашықтан жұмыс істеуге немесе икемді кестеге ауыстырылу мүмкіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыс берушілер аптап ыстыққа байланысты қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу форматына автоматты түрде ауыстыруға міндетті емес.Қашықтан немесе аралас жұмыс режимі қызметкердің немесе жұмыс берушінің бастамасымен, бірақ тараптардың келісімі бойынша белгіленуі мүмкін.

Яғни, қызметкер уақытша қашықтан жұмыс істеуді сұрай алады, алайда түпкілікті шешім жұмыс берушімен бірлесіп қабылданады.Қашықтан жұмыс істеу кезінде қызметкер жұмыс уақытында байланыста болуы тиіс.

Жұмыс кестесін өзгертуге бола ма?

Жұмыс беруші мен қызметкер икемді жұмыс кестесі туралы да келісе алады. Мысалы, күннің ең ыстық уақытында жұмыс істемеу үшін жұмыс күнін ертерек бастауға болады.

Мұндай режимнің шарттары еңбек шартында немесе жұмыс берушінің ішкі актісінде бекітіледі.

Далада жұмыс істейтіндерге не қарастырылған?

Аптап ыстықта далада еңбек ететін жұмысшыларға салқындау және демалу үшін арнайы үзіліс берілуі тиіс.

Бұл үзіліс жұмыс уақытына кіреді. Сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерлердің демалып, салқындауына арналған орынды жабдықтауы қажет.

Егер жұмыс жағдайлары өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндірсе, қызметкер жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл туралы дереу басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлау қажет.

Ереже бұзылған жағдайда қызметкер еңбек инспекциясына жүгіне алады. Инспектор заңбұзушылықтарды жоюды талап етуге және жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus