Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алакөлде гидроциклмен қауіпті әрекет жасағандар полиция мен құтқарушылардың назарына ілікті

Алакөлде бір жігіт гидроциклмен өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіретін әрекеттер жасаған. Куәгерлер түсірілген видеоны желіге жариялап, облыстық полиция мен Төтенше жағдайлар департаментін белгілеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео авторы жігіттің су үстіндегі әрекетіне наразылық білдірген. Ол жуырда гидроциклдердің соқтығысқанын еске салды. Сол жолы бір адам қаза тауып, тағы бірі ауруханаға түскен.
Қауіпті әрекет жасаған жүргізуші мен гидроцикл иесін полицейлер мен құтқарушылар бірлескен рейд барысында анықтады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жетісу облысы Полиция департаментінің жарияланымы (@zhetysu.police)



"Кезекті рейд барысында полицейлер 23 жастағы ер адамды анықтады. Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды. Кейінгі тексеру барысында шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін өрескел бұзудың үш дерегі анықталды: гидроциклді басқару құқығы жоқ адамға беру, тиісті куәліксіз гидроцикл жүргізу және құтқару кеудешесін кимей су көлігін пайдалану. Барлық дерек бойынша кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген Жетісу облысы полиция департаментінің хабарламасында.



"Гидроцикл иесіне және көлікті басқарған адамға қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 2-бөлігі және 582-бабының 5-бөлігі бойынша жауапқа тартылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Полиция өкілдері алдын алу рейдтері жаз бойы жалғасатынын мәлімдеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзған кез келген әрекет дереу тоқтатылып, кінәлілер Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Құтқарушылар шағын көлемді кеме иелеріне судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, су көлігін заң талаптарына сай пайдалануды ескертті.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus