Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада “Бәйтерек“ маңында отшашу атқан ер адам қамауға алынды

Астана полициясы түнгі уақытта пиротехника қолданғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертті. Елордада бір апта ішінде осындай үш жағдай тіркелді: заң бұзушыларға айыппұл салынып, бір ер адам бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Tengri Life қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алғашқы жағдай 22 шілдеге қараған түні болған. Түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің ауласында бір топ адам отшашу ұйымдастырып, айқай-шу шығарған.
Полицейлер алтыға жуық қатысушыны анықтады. Оларға қатысты түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Пиротехниканы 30 жастағы әйелдің қолданғаны белгілі болды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Тағы бір жағдай 23 шілдеде "Бәйтерек" монументінің жанындағы алаңда болды. Полицейлер пиротехника атқан 37 жастағы ер адамды анықтады.
Ер адам бұл әрекетін досын көптен күткен сәбиінің дүниеге келуімен құттықтағысы келгенімен түсіндірді. Ол отшашуды алдын ала интернет-дүкеннен сатып алған.
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ер адам бес тәулікке қамауға алынды.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба


Үшінші жағдай 24 шілдеде Қошқарбаев даңғылында тіркелді. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы жігіт досының келін түсіру қуанышына орай отшашу ұйымдастырған.
Оған қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды.
Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын түнгі уақытта пиротехника қолданбауға шақырды. Ведомство мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының тыныштығын бұзатынын, сондай-ақ қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екенін атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus