Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрылтай сайлауы: бюллетеньде партиялар қалай орналасатыны белгілі болды

Бүгін Қазақстан Орталық сайлау комиссиясында Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеніндегі саяси партиялардың реттілігін анықтау мақсатында жеребе тасталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жеребені ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман өткізді. Ол 1-ден 7-ге дейінгі сандарды ақ конверттерге салып, үстел үстіне жайып қойды.
Содан кейін саяси партиялардың өкілдері кезекпен үстелге келіп, конверттердің бірін алды. Шыққан нөмір алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауда партияның бюллетеньдегі орнын анықтады. Сайлауға барлығы 545 кандидат тіркелген.
Оның қорытындысы бойынша партиялар сайлау бюллетенінде келесі ретпен орналасады:

"Әділет" партиясы.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП).
"Байтақ" қазақстандық жасылдар партиясы.Қазақстан Халық партиясы (ҚХП).
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы.
Respublica.

ОСК дерегі
Сондай-ақ бюллетеньде "Бәріне қарсымын" бағаны болады.Құрылтай сайлауы1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Осыдан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Енді елде қос палаталы Парламент орнына жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай жұмыс істейді. Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған күнтізбелік жоспарды бекіткен болатын. Комиссия сайлау науқаны қалай өтетінін, "тыныштық күні" қашан болатынын және дауыс беру уақытын айтып берді. Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Сайлау алдындағы үгіт басталады: Бас прокуратура заңбұзушылықтар үшін айыппұл барын ескертті

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus