Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтарға сайлау күніндегі маңызды тыйым туралы ескертілді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау күні толтырылған бюллетень суретін жариялауға тыйым салынғанын еске салды. Мұндай фото және видео материалдар үгіт ретінде қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Неге бюллетень суретін жариялауға тыйым салынған?
Дауыс беру күні қазақстандықтарға толтырылған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіруге және оны кейін интернетте жариялауға болмайды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік бұл ереже дауыс беру құпиясын сақтау үшін енгізілгенін түсіндірді.

"Бұл норма саяси партияларды қолдауды жария түрде көрсетуді болдырмайды және еркін әрі жасырын дауыс беруді, сайлау процесінің барлық қатысушысына тең жағдайды және сайлаушылардың өз еркін дербес білдіруін қамтамасыз етуге бағытталған", – деді ол.

Дауыс беру күні кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады. Егер адам кімге дауыс бергенін көрсетсе, бұл үгіт деп есептелуі мүмкін. Сондықтан толтырылған бюллетеньді ешкімге көрсетпей, суретін жарияламаған абзал.
Бұл ережені бұзғаны үшін 130 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген.
Еске сала кетейік, бүгін партиялардың бюллетеньде қалай орналасатыны белгілі болды.
Құрылтай сайлауы
1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Осыдан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Енді елде қос палаталы Парламент орнына жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай жұмыс істейді.
Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған күнтізбелік жоспарды бекіткен болатын. Комиссия сайлау науқаны қалай өтетінін, "тыныштық күні" қашан болатынын және дауыс беру уақытын айтып берді. Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Сайлау алдындағы үгіт басталады: Бас прокуратура заңбұзушылықтар үшін айыппұл барын ескертті

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus