Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

УЕФА Қызылордадағы 21 миллиард теңгенің стадионы бойынша шешім қабылдады

Қызылордадағы жаңа "Қайсар-Арена" стадионы УЕФА-ның ең жоғары санатын иеленді. Енді мұнда Чемпиондар лигасының матчтерін, сондай-ақ ұлттық құрамалардың қатысуымен өтетін ойындарды өткізуге болады, деп хабарлайды Tengri Sport Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, арена сәуір айында тексерістен өткен, ал енді УЕФА өз шешімін шығарды.

"Тексеріс пен есептерді талдау нәтижесі бойынша УЕФА "Қайсар Аренаға" ең жоғары төртінші санатты берді. Енді Қызылорда стадионы ең жоғары деңгейдегі халықаралық матчтерді, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі мен Ұлттар лигасындағы ойындарын, сондай-ақ еурокубоктық турнирлер: Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының іріктеу және негізгі кезеңдерін қабылдауға толық дайын", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

21 миллиард теңгелік стадион өткен қазан айынан бері санатсыз болған
Еске сала кетейік, Қызылордадағы арена 2025 жылдың қазан айында салынып бітіп, ашылған болатын. Ресми мәліметтерге сүйенсек, оның құрылысына 20,9 миллиард теңге жұмсалған.
2026 жылдың қаңтарында стадионның әлі УЕФА инспекциясынан өтпегені белгілі болды. Сол кезде Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұл процедуралық мәселе екенін және аренаның дайын болмауына еш қатысы жоқтығын мәлімдеген еді.
Халықаралық сарапшы стадионды сәуір айында аралап, "Қайсар-Аренаның" халықаралық матчтерді өткізуге әлеуеті бар екенін бірден атап өткен.
"Қайсар-Арена" – елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін салынған үшінші стадион
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда үш жаңа футбол стадионы салынды: "Астана Арена" (30 мың орын), "Түркістан Арена" (7 мың орын) және "Қайсар Арена" (11 мың орын).
Олардың барлығы жасанды көгалмен жабдықталған, бұл Еуропадан келетін қонақ командалар үшін ерекше қолайсыздық тудырады – футболшыларға ойын стилін өзгертуге тура келеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Football Federation (@kff_resmi) жарияланымы


Тағы оқыңыз: Ақтөбеде Қазақстандағы ең ірі стадион салынып жатыр
Шымкенттегі стадионға 55 мың адам сыя ма? Әкімдік жауабы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus