Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда тұрғындар терезе ашу мүмкін болмағаннан көршінің пәтеріне шағымданды

Алматыдағы көпқабатты үйлер бірінің тұрғындары терезе ашуға мүмкіндік бермейтін пәтерге шағымданды. Онда шамамен 15-тен астам мысық асыралуы мүмкін, ал пәтерден шығатын өткір иіс аптап ыстықта тіпті күшейіп кетеді, деп хабарлайды Tengri Home қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Көрші денсаулығының нашарлағанын айтып шағымданды
Алмалы аудандық полиция басқармасына демікпемен ауыратын жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінген. Оның айтуынша, көрші пәтерден шыққан жағымсыз иіс бүкіл үйге таралып, тұрғындарға бөлмені желдетуге кедергі келтіреді.
Сондай-ақ көршілер пәтер иесі үйін тазалау үшін арнайы заттарды қолданатынын айтады. Шағымданушының сөзінше, ол заттардың иісі оның денсаулығын нашарлатады.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы келгенімен, пәтерге кіре алмады: үй иесі есікті ашпай қойған.
Пәтерді бейінді қызметтер тексереді
Енді бұл жағдай бейінді қызметтердің қатысуымен комиссиялық негізде қаралмақ. Мамандар пәтердің санитарлық жағдайын, жануарларды ұстау ережелерін тексеріп, заңбұзушылықтардың бар-жоғын анықтауы тиіс.
Полиция бұл шешім жануарларға тиісті жағдайды қамтамасыз етіп қана қоймай, үйдің басқа тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы тұру құқығын қорғауы керек екенін атап өтті.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)


Пәтерде көп мысық ұстауға бола ма?
Үй жануарларының көп болуы иесінің заң бұзғанын білдірмейді. Мұндағы ең басты мәселе - оларды ұстау жағдайы және көршілерге қолайсыздық тудырып-тудырмауы.
Жануар иесі ветеринариялық, санитарлық және гигиеналық талаптарды сақтауға, пәтердің, кіреберістің және басқа да ортақ пайдалану орындарының ластануына жол бермеуге, сондай-ақ өзге адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға міндетті. Мұндай талаптар "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңда және Алматыда қолданыстағы үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларында көзделген.
Көршілер қайда жүгіне алады?
Тұрғындарға ауызша шағыммен шектелмей, мәселені құжат жүзінде тіркеген жөн: күндерін көрсету, фото немесе видео айғақтарды қоса беру, басқа көршілердің де арыз-шағымын жинау қажет. Егер иіс немесе ластану кіреберіске және басқа да ортақ орындарға таралса, бұл туралы МИБ немесе ПИК-ке хабарлауға болады.
Шағымды:

учаскелік инспекторға немесе 102 нөміріне;
аудандық әкімдікке;
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына;
e-Otinish жүйесі арқылы;
егер мәселе үйдің ортақ мүлкіне қатысты болса, МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияға жолдауға болады.

Бұған дейін жазбаша өтінішке фото, видео мен басқа де айғақтарды тіркеу керек екенін жазған болатынбыз. Бұл құзырлы органдарға тексерісті шағымданушылардың сөзіне ғана емес, нақты тіркелген деректерге сүйене отырып жүргізуге мүмкіндік береді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus