Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Ереже бәріне ортақ”: Португалияның жаңа бапкері Роналду туралы мәлімдеме жасады

Футболдан Португалия құрамасының жаңа бас бапкері Жорже Жезус жұлдызды шабуылшы Криштиану Роналдудың команда сапында қалуы әбден мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport FootMercato сайтына сілтеме жасап.
71 жастағы маман өткен аптада Португалия құрамасының бапкері ретінде таныстырылған болатын, енді ол алдағы жұмыс бағыттарын айқындап, кең көлемді сұхбат берді.
Оның айтуынша, 41 жастағы Криштиану Роналдудың командада болуы ешқандай кедергі келтірмейді.

"Ол ұлттық құрама үшін де, мен үшін де ешқашан мәселе болмайды. Ал даулы жайттарға келсек, әркімнің өз пікірі болуға құқығы бар. Мен шешім қабылдауым керек болғанда, Криштианумен және басқалармен де жеке сөйлесемін. Криштиану - Португалияның символы. Ол тарихқа енеді, мен үшін онымен бірге жұмыс істеу үлкен мәртебе болды. Мен ойыншының жасына қарап баға бермеймін, бұл Криштиануға да қатысты", - деп басылым бапкердің сөзін келтіреді.

Сонымен қатар, Жезус ойыншылардың мәртебесі ол үшін екінші кезектегі мәселе екенін түсіндіруге тырысты. Дегенмен, бұл жерде де ерекше жағдайлар бар.

"Ойыншылардың мәртебесі әртүрлі болуы мүмкін. Соған қарамастан, олардың барлығы бірдей ережеге бағынуы тиіс. Дегенмен, ойыншылардың мәртебесі расында да ерекшеленеді. Командаластары кейбір ойыншылардың - ерекше екенін түсінуі керек: олардың өткен жолы мен команда үшін маңыздылығы басқаша. Солай болса да, ереже бәріне ортақ", - деді ол.


Әртүрлі мәртебе, бірыңғай ереже: Жорже Жезустың түсіндірмесі ????????#Canal11 #FutebolEmPortuguês pic.twitter.com/FombNK8bOf
— Canal 11 (@Canal_11Oficial) 20 шілде, 2026 жыл
Айта кетейік, Жезус соңғы бір жылда Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында Криштиану Роналдумен бірге жұмыс істеді. Ол португалиялық футболшының Сауд Арабиясында титул жеңіп алуына септігін тигізген алғашқы бапкер атанды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Нәди Әл-Наср Сауди (@alnassr) жарияланымы


Португалия құрамасы әлем чемпионы атағынан қағылды
Еске салсақ, 2026 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы топтан бірінші орынмен шыға алмады. Бұл олардың 1/16 финалда Хорватияға қарсы ойнауына, ал 1/8 финалда болашақ чемпиондар - Испания құрамасына тап болуына әкеп соқты.
Криштиану Роналду турнирде үш гол соқты - топтық кезеңде Өзбекстан қақпасына екі доп және плей-оффта хорваттарға пенальтиден бір гол. 1/16 финалдағы гол португалиялық үшін әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңіндегі бүкіл мансабындағы алғашқы голы болды.
Мундиаль кезінде саудиялық "Әл-Насрдың" 41 жастағы форварды зор қысым мен сынға ұшырады. Оны команданың "артық жүгі" деп атап, Конго ДР, Колумбия және Испаниямен болған сәтсіз ойындардың негізгі кінәлілерінің бірі ретінде көрсетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


Бұған дейін Криштиану Роналду жанкүйерлеріне үндеу жасаған болатын.
Сондай-ақ испаниялық инсайдер Эрнан Кастильо Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасымен жеңіліске ұшырағаннан кейін мансабын аяқтауға шешім қабылдағанын жариялады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus