Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан ұлттық құсбегілік құрамасының мүшесі қамауға алынды

Қарағандыда Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жыртқыш құстарды заңсыз сатып алды және асырады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Не болды?
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2017 жылдан бастап Қарағандыдағы үйінің аумағында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған. Ер адам "Құсбегілік" федерациясының және Қазақстанның ұлттық құсбегілік құрамасының мүшесі болған.
Тергеудің болжамынша, ол Instagram желісіндегі ұлттық аңшылыққа, құстарды баптау мен емдеуге арналған парақша арқылы табиғи ортадан заңсыз ұсталған сирек кездесетін жыртқыштарды жеткізіп берушілермен байланыс орнатқан.

Тінту кезінде не табылды?
Тінту барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 35 жыртқыш құсты тәркіледі. Олардың арасында ителгі, бүркіт және лашын бар. Бұл құстардың барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына енген және сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген түрлерге жатады.
Күдікті қамауға алынды. Сот шешімімен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне де тыйым салынған.
Құстардың тағдыры не болмақ?
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тәркіленген құстар уақытша Қарағанды хайуанаттар бағына тапсырылды. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін оларды табиғи ортасына жіберу жоспарланып отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus