Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атырау облысында жүргізушінің полицеймен “батыл“ әңгімесі видеоға түсіп қалған

Әлеуметтік желілерде жүргізушінің полиция қызметкерімен дауласып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Кадрлардан жүргізушінің патрульдік көліктің ішінде отырған полицеймен сөзге келіп жатқанын көруге болады. Бұл ретте ол есікті жабуға мұрша бермей, оны ұстап, тәртіп сақшысының қолынан тартады.
Видеодан балағат сөздер естілгенімен, дыбыс жүргізушінің қимылымен сәйкес келмейді. Оған қарамастан, қолданушылардың бір бөлігі бұл сөздерді жүргізушінің өзі айтты деп ұйғарып, оны "батыл" деп атаған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Атырау Облысы Полиция Департаментінің (@police.atyrau) жарияланымы


Атырау облыстық Полиция департаменті жүргізуші жазбаға оқиғаға еш қатысы жоқ бөтен аудиожазбаны қойғанын хабарлады.

"Жүргізуші оқиға орнында түсірілген бейнежазбаға қатысы жоқ өзге аудиожазбаны қабаттап, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқан. Осы дерек бойынша оған қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделіп, іс материалдары сотқа жолданды", - дейді полициядағылар.

Полиция мәліметінше, 19 шілдеде Атырау облысы аумағында ірі көлемдегі жүк тиеген автокөліктің жол бойында қараусыз қалдырылғаны анықталады. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін уақытша шешіп алған.Кейінірек 38 жастағы жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 594-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, автокөліктің жол учаскесінен қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тарапынан тиісті көмек көрсетілгені айтылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus