Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Бәріне лайықсың“: ӘЧ-2026 финалындағы жалғыз голдың авторы бала кездегі арманын айтты

Испания құрамасының шабуылшысы Ферран Торрес желіде Әлем чемпионаты кубогінің макетімен түскен бала кездегі суретін жариялады. Оның кешегі финалда соққан голы командаға жеңіс сыйлап, оған нағыз кубокті иеленуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Торрес овертаймның 106-минутында Нико Уильямстың пасынан кейін гол соқты. Бұл финалдағы жалғыз гол болып, испандықтарды екі дүркін әлем чемпионы атандырды.

"Әлемдегі кез келген баланың арманы! Дәл қазір мен әлемдегі ең бақытты адаммын", - деп жазды Торрес Instagram-да балалық шағындағы суретінің астына.

Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионаты финалындағы бұл гол Торрес үшін бұл мундиальдағы алғашқы доп болды.
"Барселона" шабуылшысы топтық кезеңнің бірінші турында Кабо-Вердеге қарсы ойынның басым бөлігін алаңда өткізгенімен, ӘЧ-2026-ның кейінгі матчтерінде тек қосалқы құрамнан қосылып жүрді.
Бұл финалда да солай болды – Торрес 62-минутта Оярсабальдің орнына алаңға шықты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ferran Torres (@ferrantorres) жарияланымы


Ферранның кубокпен түскен бала кездегі суреті әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Көпшілік Торресті финалдағы жеңіс голын соғуға әбден лайықты деп санайды.

"Сен супержұлдызсың";"Сен бәріне лайықсың, Ферри"; "Басқаша болуы мүмкін емес еді!"; "Мен саған әрдайым сендім, Ферран! Бір күні Испаниямен бірге тарих жасайтыныңды білгенмін. Саған қанша сын айтылса да, мен саған әрқашан сенемін! Менің қаһарманым, Испания құрамасындағы сүйікті ойыншым. Саған мың алғыс", - деп жазды желідегі пікір қалдырушылар.

Еске сала кетейік, Ферран Испания құрамасы сапында 2020 жылдың қыркүйегінде дебют жасаған болатын. Ол Испаниямен бірге Еуропа чемпионы атанып, енді оған әлемдік деңгейдегі жеңісті қосты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ferran Torres (@ferrantorres) жарияланымы


Тарихта алғаш рет: испаниялықтар Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін жаңа сыйлық алды
Үш жасар бала Әлем чемпионатында желі жұлдызына айналды: Ямальдың інісі туралы не белгілі?
Сыра және би: Испания құрамасы Әлем чемпионатындағы жеңісін қалай атап өтті?
Испания Аргентинадан жеңісті жұлып алып, Әлем чемпионы атанды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus