Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Аңызға айналған Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері болады

Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" аңызы Зинедин Зидан ұлттық құраманың тізгінін ұстайды. Бұл туралы футбол инсайдері Фабрицио Романо мәлімдеді, деп жазады Tengri Sport.
Фабрицио Романоның деректеріне сүйенсек, Зидан 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Франция құрамасынан кететін Дидье Дешамның орнына келеді. Ол бапкерлер штабын жасақтап қойған, ал келісімге осы айда ресми түрде қол қойылады.
Жаңа бапкер Франция құрамасын Ұлттар лигасына, 2028 жылғы Еуропа чемпионатына және 2030 жылғы әлем чемпионатына дайындайды. Зиданның Дешамның орнына келетіні туралы ақпаратты бірнеше халықаралық спорт басылымы да жазды. Алайда Франция футбол федерациясы оның тағайындалғанын әзірге ресми жариялаған жоқ.

???????????? Зинедин Зидан Францияның келесі бас бапкері болады, бұл қараша айында нақты шешім қабылданғаннан бері күмән тудырмаған еді.Зидан өзінің штабын жасақтап қойды, құжаттарға осы айда ресми түрде қол қойылады.Ол Франция құрамасын Ұлттар лигасына, Еуро-2028 және 2030 жылғы әлем чемпионатына бастап шығады. ✍???? pic.twitter.com/gBbJ7n4Fe0
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) July 17, 2026

Зинедин Зидан — француз футболының аңызы
Зинедин Зидан 1972 жылы Марсельде дүниеге келген. Ол футболшы ретінде "Канн", "Бордо", "Ювентус" және мадридтік "Реал" клубтарында өнер көрсетті.
"Ювентуспен" екі рет Италия чемпионы атанса, "Реал" сапында Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. 1998 жылы "Алтын доп" иегері атанды.

????????✨ Осыдан тура 27 жыл бұрын: Зинедин Зидан "Алтын допты" иеленді! Қандай ғажайып ойыншы. ???? 1-орынды Зидан (244 ұпай), 2-орынды Давор Шукер (68 ұпай), 3-орынды Роналдо (66 ұпай) иеленді. pic.twitter.com/sVbS3WlaaK
— EuroFoot (@eurofootcom) 22 желтоқсан, 2025 жыл
Франция құрамасы сапында 108 матч өткізіп, 31 гол соққан. Зидан ұлттық құрамамен бірге 1998 жылғы әлем чемпионаты мен Еуро-2000 турнирінде жеңіске жетті.

????️ Златан: "Зидан бірегей ойыншы болды. Ол жақсы ойнаудан да жоғары еді, ол басқа планетадан келгендей болатын".#TBT | #UCL pic.twitter.com/8ZKtG6YgDP
— УЕФА Чемпиондар лигасы (@ChampionsLeague) 28 қазан, 2021 жыл
Зидан құрамаға бапкер ретінде оралады
Зиданның бапкерлік мансабы мадридтік "Реалда" басталды. Ол 2016 жылы негізгі команданың бас бапкері болып тағайындалып, клубты қатарынан үш рет Чемпиондар лигасының жеңісіне жеткізді.

????????✨ Осыдан тура 7 жыл бұрын: Зинедин Зидан мадридтік "Реалға" бапкер ретінде оралды. ⚪️????Ол екінші кезеңінде Ла Лига чемпионы атағын және Испания Суперкубогын жеңіп алды. Содан бері Зидан басқа ешбір бапкерлік қызметке араласқан жоқ. pic.twitter.com/nq3cLsi4iG
— EuroFoot (@eurofootcom) 11 наурыз, 2026 жыл
Сондай-ақ оның басшылығымен «Реал» екі рет Испания чемпионы атанды. Зидан 2021 жылы мадридтік клубтан кеткеннен кейін ешбір команданы жаттықтырған жоқ.
Испания Францияны ӘЧ-2026 турнирінен шығарып жіберді
Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады. Дидье Дешамның команда басындағы соңғы ойыны Англияға қарсы үшінші орын үшін өтетін матч болмақ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus