Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Павлодар маңынан төрт мың жылдық бірегей қорым табылды

Павлодар маңында ғалымдар ерте қола дәуіріне жататын бірегей қорым тапты. Артефактілер осыдан төрт мың жыл бұрын жергілікті тұрғындардың белсенді өмір салтын ұстанғанын және алғашқы металлургтер болғанын көрсетеді. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, деп хабарлайды Tengri Life.
Археологтарды құм карьеріне жергілікті балықшы шақырған. Ол осы жерден адам сүйектерін тауып алған. Мамандар қазба жұмыстарын жалғастырып, бірқатар құнды жәдігерге кезіккен. Көне дәуір адамы еңбек құралдарымен бірге жерленген.
Қазба орнынан кварциттен жасалған кетпен, тас уатқыш және жылтыратылған балта табылды. Ғалымдар бұл құралдар кенді ұсақтау мен металл өңдеуге пайдаланылған деп болжап отыр. Сондай-ақ алғашқы балқыту пештерінің орны болуы мүмкін ошақ іздері анықталды.
Енді мамандар төрт мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін заманауи технологиялардың көмегімен зерттемек.

"Бұл жерден қыш ыдыс сынықтары мен көмір қалдықтары табылды. Яғни бұл аумақты адамдар тас дәуірінен, кейінгі тас дәуірінен бастап мекендеген. Қолымыздағы микроскоптардың көмегімен олардың металл өңдеген-өңдемегенін, қандай металды және оны қандай мақсатта пайдаланғанын нақты анықтай аламыз. Сонымен қатар топырақ үлгілерін алдық. Ежелгі климатты қалпына келтіру үшін арнайы зерттеулер жүргіземіз", - деді Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті жанындағы Археологиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Елена Тушева.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus