Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша 22 үй сүріледі: мекенжайлар тізімі

Алматы облысында реновация бағдарламасы аясында 247 пәтері бар 22 көпқабатты үйді сүру жоспарланған. Бағдарлама Қонаев пен Қаскелең қалаларын, Өтеген батыр және Қарғалы ауылдарын, сондай-ақ Боралдай кентін қамтиды, деп хабарлайды ТengriНome.
Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының мәліметінше, аталған үйлердің тозу деңгейі 90-нан 100 пайызға дейін жеткен.

«Ғимараттардың басым бөлігі 1940-1978 жылдары қамыстан және қаңқалы материалдардан салынған. Олар ресми түрде апатты және жер сілкінісіне төзімсіз деп танылды», — делінген басқарманың Tengri Home сауалына берген жауабында.

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша қандай үйлер сүріледіТозығы жеткен үйлерді сүру және тұрғындарды көшіру жұмыстары 2026-2029 жылдары кезең-кезеңімен жүргізіледі.2026 жылы 56 пәтері бар жеті үй сүріледі:

Қонаев қаласы, 18-шағын аудан, Инвентарная көшесіндегі №3, 4, 5 және 6 үйлер. Тозу деңгейі — 100 пайыз. Бұл үйлерді сүру жұмыстары басталып кеткен;Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Қолдасов көшесіндегі №7, 9 және 11 үйлер. Тозу деңгейі — 90 пайыз.

2027 жылы 99 пәтері бар бес үйдің тұрғындары көшіріледі:

Қонаев қаласы, Инвентарная көшесіндегі №8 және 9 екі қабатты үйлер;Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесіндегі 1978 жылы салынған №7 және 9 жатақханалар;Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Байғазиев көшесі, 158-мекенжайындағы 1940 жылы салынған кірпіш үй.

2028 жылы 67 пәтері бар сегіз үй сүріледі:

Қонаев қаласы, Инвентарная көшесі, 10-үй;Қонаев қаласы, Соболев көшесі, 10-үй;Іле ауданы, Боралдай кенті, Островский көшесіндегі №2, 4 және 6 үйлер;Боралдай кенті, Ленин көшесіндегі №3, 5 және 7 үйлер.

Боралдайдағы алты үйдің барлығы 1975 жылы салынған.2029 жылы 25 пәтері бар екі үй сүріледі:

Қонаев қаласы, Соболев көшесі, 14-үй;
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Бейсеуов көшесі, 7-мекенжайындағы 1950 жылысалынған ағаш үй.

Тұрғын үй реновациясы: сүрілген үйлердің иелеріне не беріледіБағдарлама аясында тұрғындар апатты және ескі үйлерден жаңа баспанаға көшіріледі. Оларға бұрынғы үйіндегі бөлме саны сақталған, аумағы кем емес және әрлеуі дайын пәтер беріледі.
Сонымен қатар инженерлік желілер жаңартылып, үй маңындағы аумақ абаттандырылады.
Реновация жұмыстары барлық пәтер мен тұрғын емес нысан иелерінің жазбаша келісімі алынғаннан кейін ғана басталады.

«Құрылыс кезінде инвестор тұрғындарға уақытша баспана жалдау үшін ай сайын өтемақы төлеуге немесе көшіру қорынан пәтер ұсынуға міндетті. Жоба құрылыс компанияларына тиімді болған жағдайда, жұмыс жеке инвесторлар есебінен жүргізіледі. Ал сүрілген үйдің орнына жаңа нысан салу мүмкін болмаса, тұрғындарды көшіру жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Жер телімі коммуналдық меншікке қайтарылады», — деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Бағдарламаны қаржыландыруға:

жергілікті бюджет;жеке инвестициялар;мемлекеттік-жекеменшік әріптестік;қаржы ұйымдарының қарыздары;квазимемлекеттік сектор қаражаты;коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатудан түскен табыс тартылмақ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus